• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2016

1800

807 рет
көрсетілді

Атырауда осынша жасөспірім «В контакте» желісіндегі суицидке итермелейтін топтарға мүше болған Бүгінгінің жасы да, кәрісі де әлеуметтік желіге телміреді. Алайда, кейбір әлеуметтік желі­лерде оң-солын әлі танып үлгермеген жасөспірімдерді өз-өзіне қол салуға итермелейтін топтардың бары белгілі. Мәселен, «В контакте» әлеу­меттік желісінде суицидті ашық насихаттайтын 22 топ анықталған. Осыған орай Атырау қалалық прокуратурасы әлеуметтік желі­лердегі суицид фактілеріне үгіт­тейтін топтарға мониторинг жүр­гізіп келеді. Мониторинг нәтижесінде 22 топтың әрқайсысында он екіде бір гүлі ашылмаған жасөспірімдерді суицидті жасау әрекеттері және дарға асылу, тамырларын кесу және т.б. фото түсірілімдері мен өлімге итермелейтін ма­қала­лардың жарияланатыны анықталған. Талдау көрсеткендей, анықталған топтардың мақсаты жасөспірімдер арасында өмірге құштарлығын азайтып, суицидке итермелеу екендігі де байқалды. Бір қынжылтар жайт, Аты­рау облысы бойынша 1800 жас­өспірім мақсаты бұзық топ­тарға мүше болғаны және сол топтардағы мақалаларды өзінің жеке парақшаларына салып, дос­тарымен бөліскен деректері анықталыпты. Сол себептен, мони­торинг қорытындысына сүйенген прокуратураның бастамасымен жасөспірімдер мен басқа да тұлғалардың аталған топтарға мүше болуын шектеу мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып тосқауылдар қойылуда. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ