• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
21 Шілде, 2016

Футбол. «Астананың» келесі қарсыласы анықталды

357 рет
көрсетілді

  Футболдан Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» Шотландияның «Селтик» командасымен кездесетін болды. Біздің жерлестеріміз екі ойынның қорытындысы бойынша Литваның «Жальгирис» командасынан (0:0, 2:1) басым түссе, «Селтик» Гибралтардың «Линкольн» клубынан бірінші ойында 0:1 есебімен есе жіберіп, жауапты матчта 3:0 етіп ұтты. Аталған командалар арасындағы алғашқы ойын 26 немесе 27 шілде күні «Астана-Арена» стадионында, ал қарымта матч 2 немесе 3 тамызда Шотландияда өтеді. Айта кетейік, 2013 жылы «Селтик» Қарағандының «Шахтер» клубымен кездескен болатын. Онда екі ойынның қорытындысы бойынша (0:2, 3:0) қарағандылықтар қарсыластарына жол беріп алған еді. [caption id="attachment_52388" align="aligncenter" width="560"] Фото: molniasport.ru[/caption] Екінші іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен командалардың көрсеткіші: «Алашкерт» (Мартуни, Армения) – «Динамо» (Тбилиси, Грузия) 1:1 «Лиепая» (Лиепая, Латвия) – «Зальцбург» (Зальцбург, Австрия) 0:2 «Шериф» (Тирасполь, Молдова) - «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) 0:0 «Сейняйоки» (Сейняйоки, Финляндия) – БАТЭ (Борисов, Беларусь) 2:2 «Дюделанж» (Дюделанж, Люксембург) – «Карабах» (Агдам, Әзербайжан) 1:1 «Норчепинг» (Норчепинг, Швеция) – «Русенборг» (Тронхейм, Норвегия) 3:2 АПОЭЛЬ (Никосия, Кипр) – «Нью-Сейнтс» (Ллансантфрайд, Исландия) 3:0 «Копенгаген» (Копенгаген, Дания) – «Крузейдерс» (Белфаст, Солтүстік Ирландия) 6:0 «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) – «Валлетта» (Валлетта, Мальта) (2:1) «Легия» (Варшава, Польша) – «Зриньски» (Босния және Герцеговина, Мостар) 2:0 «Младост» (Подгорица, Черногория) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) 0:3 «Ференцварош» (Будапешт, Венгрия) – «Партизани» (Тирана, Албания) 1:1 (пенальти: 1:3) «Тренчин» (Тренчин, Словакия) – «Олимпия» (Любляна, Словения) 2:3 «Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Вардар» (Скопье, Македония) 3:2 «Хабнарфьордюр» (Хабнарфьордюр, Исландия) – «Дандолк» (Ирландия, Дандолк) 2:2 Ал  үшінші іріктеу кезеңінде мына командалар кездеседі: «Русенборг» (Тронхейм, Норвегия) – АПОЭЛ (Никосия, Кипр) «Динамо» (Загреб, Хорватия) – Динамо (Тбилиси, Грузия) «Тренчин» (Тренчин, Словакия) – «Легия» (Варшава, Польша) БАТЭ (Борисов, Беларусь) – «Дандолк» (Ирландия) «Виктория» (Пльзень, Чехия) – «Карабах» (Агдам, Әзербайжан) «Лудагорец» (Разград, Болгария) – «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) «Партизан» (Белград, Сербия) – «Ред Булл» (Зальцбург, Австрия) «Спарта» (Прага, Чехия) – «Стяуа» (Бухарест, Румыния) «Ростов» (Дондағы Ростов, Ресей) – «Андерлехт» (Брюссель, Бельгия) «Аякс» (Амстердам, Нидерланд) – ПАОК (Салоники, Грекия) «Шахтер» (Донецк, Украина) – «Янг Бойз» (Берн, Швейцария) «Астра» (Джурджу, Румыния) – «Копенгаген» (Копенгаген, Дания) «Фенербахче» (Ыстанбұл, Түркия) – «Монако» (Монако) «Олимпиакос» (Пирей, Грекия)  – «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль). Аян ӘБДУӘЛИ