[caption id="attachment_52396" align="aligncenter" width="560"] kp.ru[/caption]
Бүгін Спорттық арбитраждық сот Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының Ресей спортшыларын Олимпия ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатыстырмау туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот шешімді бірауыздан мақұлдады.
Енді Ресей спортшылары аталған сотқа Олимпиадаға қатысу туралы өтініш жасауға бір рет қана аппеляция бере алады. Оны Ресейдің Олимпиадалық комитеті мен осы елдің 68 спортшысы бір айдың ішінде беру керек. Спорттық арбитраждық сот өтініштерін тағы да қанағаттандырмаса, онда екі дүркін Олимпиада чемпионы Елена Исимбаева мен басқа да спортшылары төрт жылда бір келетін дүбірлі додаға мүлдем қатыспайды. Биылғы сынға Ресейден ұзындыққа секіру жарысына Дарья Клишина ғана қатысады.
[caption id="attachment_52397" align="aligncenter" width="560"] ivona.bigmir.net[/caption]
[caption id="attachment_52414" align="aligncenter" width="560"] rusbiathlon.ru[/caption]
Дастан КЕНЖАЛИН