Мюнхеннің «Бавария» және Дортмундтың «Боруссия» футбол клубтары Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Марио Гетценің трансфері жөнінде принципті келісімге келді.
Goal.com сайтының жазуынша, Томас Тухельдің командасы 24 жастағы футболшы үшін 23 млн. еуро төлеуге дайын отыр.
2013 жылы мюнхендіктер осы Гетце үшін «Боруссияға» 37 млн. еуро ақша төлеген еді. Ол биыл жазға салым мәреге жеткен кезекті чемпионатта «Бавария» сапында 21 мәрте алаңға шығып, 6 гол салып, 4 рет гол соғылған пас берді.
Енді басталғалы тұрған жаңа маусым қарсаңында «Боруссия» Гетцені өздеріне қайтарып алғылары келіп отыр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ