• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

295 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы               5 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес қаулы етемін: Қоғамдық және этносаралық келiсiмдi орнықтыруға, Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшiн қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 шілде  №302 *** Тағайындау Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Фәтима Надырқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды; Хроника Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.