[caption id="attachment_52658" align="aligncenter" width="560"] inform.kz[/caption]
Алматыда болған атыс салдарынан зардап шеккендердің бірі есін жиды.
Inform.kz-тің мәліметі бойынша, 18 шілде күні Алматыда болған атыс салдарынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. Ал, жансақтау бөліміне түскен 4 адамның бірі есін жиды.
«Қазіргі таңда екі адамның жағдайы жақсарып, бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Дәрігерлер олардың халдерін орташа ауыр, тұрақты және белсенді деп бағалауда. Емделушілер өздері жүреді және барлық тиісті емдерді қабылдап жатыр», – делінген Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дегенмен, төрт адам әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі есін жиды. Оң өзгерістер байқалады.
Қазір жансақтау бөлімінде барлық емделушілерге қарқынды терапия жүргізіліп жатыр. Жетекші нейрохирург, нейроинсультолог, офтальмологтардың қатысуымен тұрақты түрде дәрігерлер кеңесі өткізіліп тұрады.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша емделушілердің туған-туыстарына ауруханаға келіп, бауырларының жағдайын білуге барлық жағдай жасалған.
Айдар ӨРІСБАЕВ