2016 жылғы 19 шілде Астана, Үкімет Үйі
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1138 қаулысының 1-тармағының қолданысын тоқтата тұру туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 324-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы №586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №77-78-79, 585-құжат) 1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ