• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2016

Винченцо Нибали: «Тур де Франста» командамыз өз бабында

322 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52792" align="aligncenter" width="560"] dailynews.kz[/caption] «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жарыс күн өткен сайын қыза түсуде. «Астана» командасының жеңіске деген жігері күшті. Мысалы, Винченцо Нибалидің өзі 19-кезеңде аяқ астынан құлаған қарамастан, соңғы шешуші кезеңде Фабио Арудың үздіктер қатарынан көрінуге көмектесуге дайын екендігін айтты. Бұл туралы egemen.kz сайтына жарыстың ортасында жүрген әріптесіміз Дина Ысқақова хабарлады. «Нибали – оптимист спортшы. Ол «Тур де Франс» көпкүндігінің аяқталуға жақын екенін, кезең ауыр болғанына қарамастан өзін жақсы сезінетінін, командаға 19-шы кезеңнің оңай болмағанын айтты. Сонымен бірге ол жарыста құлап қалғанын, бірақ «Астана» командасының жеңіске жетуге барын  салып жатқанын,  Фабио Арудың жалпы есепте үздіктер қатарынан көрінуге көмектесу басты міндеті екенін жеткізді», деді әріптесіміз. «Әрі қарай ол жарыста Фруменнің құлағанын көріп, тоқтауға тырысқанын, алайда рульге ие бола алмай қалғанын айтты.   Нибали 20-шы кезеңнің оңай болмайтынын, тіпті бүгінгі кезеңнен де ауыр болуы мүмкін екенін де жасырмады. Соған қарамастан ол жеңіске ұмтылатындарын, оған команданың шамасы жететінін атап өтті», деді журналист. Әріптесімізге ол: «Құлағанға дейін өзімді жақсы сезіндім. Кезеңнен кезеңге дейін дайындығым жақсы болатын. Бүгінгі кезең маған оңай болған жоқ. Жарыс аяқталысымен дайындығымды қайта жалғастырамын. Олимпия ойындарында жүлдеге таласуға шамам жету керек», деген екен. Дастан КЕНЖАЛИН