Шерхан Талап Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шерхан Талап 1993 жылғы 15 тамызда Орал қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (филология мамандығы) және Анкарадағы Gazi университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы «Massaget.kz» порталында контент-менеджер әрі редактор ретінде бастаған. 2015 жылдан бастап «Ұлт порталының» бас редакторы қызметін атқарды. 2018 жылы Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
151 судья тағайындалды
2023 жылдан бері Мәдениет және ақпарат министрлігінде қызмет етіп келеді.
2025 жылдың ақпан айынан бастап ол министрлік жанындағы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры қызметін атқарған.