• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2016

Ауғанстанда лаңкестік шабуылдан 80-нен астам адам қаза тапты

335 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52813" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жойқын жарылыс болды. Осының салдарынан 80-нен астам адам қаза тауып, 200-ге жуығы зардап шекті. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, оқыс оқиға халық көбірек шоғырланған жерде болған. Алғашында 60 адамның қаза тапқаны туралы хабарланған. Алайда, Ауғанстанның ішкі істер министрлігі олардың қатары 80-нен асқанын мәлімдеді. ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жиналған жұрт Бамиан провинциясын электрмен жабдықтау жұмысын кейінге қалдырғаны үшін наразылықтарын білдірген екен. Дәл осы кезде жанкештілердің бірі өзін-өзі жарып жіберген. Бұдан бөлек тағы екі содыр лаңкестік әрекетін жүзеге асырмақ болыпты. Алайда, біреуінің жарылғыш заты іске қосылмай қалса, екіншісін күштік құрылым өкілдері дер кезінде байқап алдын алған. Көп ұзамай террорлық шабуылды ДАИШ лаңкестік тобының содырлары жасағаны белгілі болды. Кейбір мәліметтерде Кабул қаласында екі бірдей жарылыс болғаны айтылады. Алайда, бұл әзірге ресми түрде хабарланған жоқ. Аян ӘБДУӘЛИ