• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Португалияда бір аэропортқа Роналдудың аты беріледі

262 рет
көрсетілді

Португалияның Мадейра аймағындағы аэропорт елдің құрамасы мен Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың есімін алады. O Jogo басылымының жазуынша, мұны Мадейра аймақтық үкіметінің төрағасы Мигель Альбукерке аймақ астанасы – Фуншал қаласына Роналду сапарлап келген кезде мәлімдеген. Енді шаһар әуе қақпасы ресми түрде «Мадейраның Криштиану Роналду әуежайы» деп аталатын болады. Арал аймақтық кеңесі бұл шешімді қызу қолдап отыр. Еске сала кетейік, биылғы жылы 10 шілде күні ойналған Францияда өткен футболдан Еуропа чемпионатының финалдық матчында Португалия командасы алаң иелерін экстра-таймның 109-минутында Эдер соққан жалғыз голдың арқасында 1:0 етіп жеңіп, тарихта тұңғыш рет құрлық чемпионы атанған еді. Ойын басталғаннан кейін көп ұзамай жарақат алып қалған Криштиану Роналду 25-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Осыдан кейін португал құрамасының ойыншылары бұрынғыдан бетер ұйымшылдықпен ойнап, ақырында жеңіске жетті.

Криштиану Фуншал қаласында туған. Қазір жасы 31-ге келіп отырған футболшы бұл қалада 12 жасқа дейін тұрды. Ал Мадейраның халықаралық аэропорты 1964 жылы ашылған болатын. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ