• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Ауғанстанда 24 шілде аза тұту күні болып жарияланды

259 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52848" align="aligncenter" width="560"] Фото: newinform.com[/caption] Ауғанстанда сенбі күні лаңкестік шабуылдан қаза тапқандарды еске алу үшін 24 шілде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ел президенті Ашраф Гани жарылыс ұйымдастырғандардың кім екенін жақын арада тауып, тиісті жазаларын беруге уәде етті. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл істі «әскери қылмыс» деп атады. «Баласынан айрылған әке-шешенің, жақындарынан қапыда қалған туған-туыстарының жай-күйі менің жаныма қатты батып отыр. Осыған байланысты, оларды еске алу үшін 24 шілде ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Лаңкестерді қолға түсіріп, міндетті түрде жазалаймыз. Бізге жасаған әрбір шабуылы арқылы арамызға іріткі салғылары келеді. Бірақ көп ұзамай олар жеңілетін болады», – деді Ашраф Гани. Айта кетейік, 23 шілдеде мыңдаған тұрғындар Дех Мазанг алаңында Бамиан провинциясын электрмен жабдықтау жұмысын кейінге қалдырғаны үшін наразылықтарын білдірген болатын. Дәл осы кезде жанкештілердің бірі өзін-өзі жарып жіберген. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 231 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың арасында күштік құрылым өкілдері де бар. Артынша қанды әрекетті ДАИШ лаңкестік тобының содырлары өз мойнына алғаны белгілі болды. Аян ӘБДУӘЛИ