• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Бразилияда Олимпиада алауын ұрлап кетуге әрекет жасалды (видео)

302 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52855" align="aligncenter" width="560"] 2016 Olympic Games. EPA/Fernando Bizerra Jr.[/caption] Бразилияда олимпиялық алауды алып жүру эстафетасының кезекті кезеңдерінің бірінде бір белгісіз ер кісі оны алып қашып кетуге әрекет жасады. Daily Mail газетінің жауынша, бұл оқиға Сан-Паулу штатындағы Гуарульюс қалашығында орын алған. Алау алып жүгіру эстафетасы кезінде белгісіз бір ер кісі шеруге қарай ұмтылып, алауды жұлып алмақшы болған. Бірақ шеруді қоршауға алып жүргізіп келе жатқан құқық қорғау қызметкерлері оның жолына тұрып, бетін қайтарған. Сол кезде болған қақтығыс салдарынан бір полицей жарақат алып қалған. Ал қаскүнем сол бойда қамауға алынды. Бразилияда мамырдың 3-нен бері жүріп жатқан алау алып жүгіру кезінде бұған дейін де осындай инцидент кездесті. 13 шілде күні Жоинвиль қаласында белгісіз біреу олимпиялық алаулы өшіріп тастамақшы болған. Тәртіп бұзушы қолға түсті. Қазір Бразилия бүкіл аумағынан Олимпиада алауын алып өту науқаны жүріп жатыр. Ол 5 тамыз күні Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионына жеткізіліп, Ойындардың салтанатты ашылуы  кезінде осындағы алауды тұтандыруға пайдаланылады. Олиимпада 21 тамыз күні аяқталады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ