• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Түркияда қорлар, кәсіподақтар, пансионаттар жабылып жатыр

444 рет
көрсетілді

Түркияда денсаулық сақтау секторының 35 нысаны, 1043 жеке білім беру мекемесі, жеке жатақханалар мен пансионаттар, 1229 қоғамдық ұйымдар мен қорлар, 19 кәсіподақ ұйымы, федерациялар мен конфедерациялар, 15 жоғары оқу орны, ашық қорлар жұмыстарын тоқтатты. Oxu.Az хабарлағандай, Түркия үкіметі «Төтенше жағдай режімі шеңберінде қабылданған шаралар туралы» қаулы қабылдап, оны сенбі күні ресми «Resmi Gazete» басылымының сайтында жариялаған. Қаулыға сәйкес, төтенше жағдай күшінде тұрған кезде құлып астына алу мерзімі қамауға алынған уақыттан бастап 30 күннен артыққа созылмайды. Бұл мерзімге ұсталушыны жақын маңдағы сотқа апару уақыты кірмейді. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін террорлық ұйымдарға немесе құрылымдарға, топтар мен тобырларға мүшелік байланысты бар екендері анықталған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарынан айырылып, бұдан кейін ешқандай мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған 16 шілде күні мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етілгеннен кейін, елде үш айлық мерзімге созылатын төтенше жағдай жариялады. Оның айтуынша, бұл уақыт бүлікке қатыстары бар адамдарға қарсы тиімді әрі тез шара қолдануға мүмкіндік береді. Түрік лидері өзінің мұны жасағанда, елдегі демократияға, азаматтардың құқықтары мен еркіндікдіктеріне ешқандай залал келтірілмейтінін, ұайта оны нығайта түсетінін айтты. Мұрат АЙТҚОЖА