• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Иванка Трамп – АҚШ республикашыларының жұлдызы

230 рет
көрсетілді

Иванка Трамп – АҚШ президенттігіне Республикашылар партиясы атынан үміткер Дональд Трамптың қызы. Ол соңғы бірер күнде республикашылар съезінің жаңа жұлдызы болып шыға келді. Әкесі бағдарламалық баяндамамен партияластары алдына шығарда оны делегаттарға хабарлаған Дональдтың әйелі Мелания емес, тап осы қызы болды. Иванканың мұндағы міндеттерінің бірі сайлаушы әйелдерді әкесі жағына қарай бұрып жіберу болатын. Оның бұл сөзі жаман шыққан жоқ. «Менің әкемнің меншігіне жататын компанияда ер кісілерден гөрі әйелдер анағұрлым көп. Әйелдер атқарған жұмыстары үшін айлық жалақыны ер кісілермен бірдей көлемде алады. Ал қыз-келіншектер ана атанған кезде оларға қашанда қолдау көрсетіліп тұрады. Менің әкем Америкаға өзінің бұрынғы ұлылығын әкелем деп айтса, ол қалайда соны жасайды», - деді Иванка қысқаша сөзінің барысында. 34 жастағы Иванка Трамп – үш баланың анасы. Бұрын ол модель болып жұмыс жасаған. Қазір табысты бизнесвумен ретінде танылып жүр.  Google әлеуметтік желісінің іздестіру жүйесінде оның аты әкесінен гөрі де жиі көрінеді. Иванканың күйеуі Беларусь жерінде туып-өскен, бұрынғы партизан еврейдің ұрпағы. Мұрат АЙТҚОЖА