• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2016

Бағдадта тағы да жарылыс болды

256 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52871" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Ирак астанасы Бағдадта тағы да жарылыс болды. Қаланың солтүстігіндегі блок-бекетте жанкештінің әрекетінен он адам қаза тапты. Оқиға бүгін, 24 шілдеде таңертеңгісін Аль-Кадимейн ауданында орын алды. Салдарынан 2 полиция қызметкері мен 8 бейбіт тұрғын қаза тапты. Жергілікті полиция бөлімшесі мен дәрігерлер 20 адамның түрлі деңгейде жарақат алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда мемлекеттің белгілі бір бөлігі терроршылардың бақылауында. Осыған байланысты содырлар жиі лаңкестік шабуылдар жасап тұрады. Ирак қарулы күштері мен федералды полициясы халықаралық коалиция мен ерікті жасақшылардың көмегімен соңғы бірнеше ай ішінде Анбар провинциясында бірнеше елді мекенді экстремистік ұйымдардан азат еткен болатын. Олардың арасында Әр-Рутбаның әкімшілік орталығы Рамади мен содырлардың негізгі шоғырланған жері Әл-Фаллуджа қалалары бар. Мұндай қақтығыстардан көбіне бейбіт тұрғындар зардап шегіп жатыр. Осы айдың басында мемлекет астанасында «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымының шабуылынан 200-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, жүзден астамы жарақат алған. Билік осы себепті үш күндік аза тұту жариялаған болатын. Аян ӘБДУӘЛИ