• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2016

Үндістанда жол апатынан 10 жолаушы қаза тапты

274 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52888" align="aligncenter" width="560"] Фото: 112.ua[/caption] spbdnevnik.ru ақпары бойынша Үндістанда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 10 жолаушы қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасы аталған елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында орын алған. Жергілікті полицейлердің айтуынша, жол апаты салдарынан 33 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі таңда олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Полицейлер апаттың мән-жайын анықтауда. Айта кетейік, Үндістанда адам қазасына апаратын жол апаттары жиі болып тұрады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көп жағдайда қайғылы оқиғаларға жүргізушілер кінәлі екен. Ал сарапшылардың пайымдауынша, бұл елде жүргізу куәліктерінің 30 пайызы арнайы сынақтан өтпей-ақ жасалады. Талғат РАЙЫМБЕК.