• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2016

Германияда жарылыстан 14 адам зардап шекті

299 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52898" align="aligncenter" width="560"] Фото: tass.ru[/caption] Германияның Ансбах қаласында жарылыс болып, 12 адам түрлі дене жарақатын алды. ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, қаза тапқан бір-ақ адам. Ол – жанкештінің өзі. Дәрігерлер дер кезінде көмекке жеткенмен, оны аман алып қала алмады. Ал полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамның жалғыз екенін айтты. Мәліметтер бойынша, оқыс оқиға қаланың орталық тұсындағы мейрамханалардың бірінде болған. Қазіргі таңда 200-ге жуық тәртіп сақшысы, 350 құтқарушы және өрт сөндірушілер қызмет етуде. Алғашында, бұл іске қатысы бар күдіктілерді іздеу үшін арнайы тікұшақ жұмылдырылған екен. Ал rbc.ru бұл істі Сириядан келген босқын жасағанын хабарлады. Жергілікті прокурор Михаэль Шретбергер оның Ансбахқа екі жыл бұрын келгенін мәлімдеді. Өткен жылы Германия азаматтығын алу үшін өтініш беріпті, бірақ жергілікті билік оған азаматтық соғыс аяқталғанға дейін қалуға рұқсат еткен екен. Ішкі істер министрі Йоахим Херрманн сириялықтың осыған дейін екі рет өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. Қазір оның радикалды топтармен байланысының бар-жоғы анықталуда. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Мюнхен қаласында атыс болып, 10 адам қаза тапқан болатын. Аян ӘБДУӘЛИ