• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2016

Volvo 2021 жылы өздігінен жүретін көлік шығарады

433 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_52911" align="aligncenter" width="560"] Фото: autonews.ru[/caption] Швецияның Volvo компаниясы 2021 жылы өздігінен жүретін көліктерін сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. autonews.ru ақпарына сәйкес, Лондонда автомобильдер арнайы сынақтан өтеді. Drive Me London бағдарламасына ХС90 үлгісіндегі 100-ге жуық көлік қатысады. Жоба келесі жылы жүзеге асады деген болжам бар. Мәліметтер бойынша, Англия көшелеріне жартылай автоматтандырылған көліктерді шығарады. Бірақ көп ұзамай Volvo толығымен өзі жүретін машиналарын да сынақтан өткізеді. Осыған байланысты автоконцерн басшылығы оның кемшін тұстарын толықтыруды көздеп отыр. [caption id="attachment_52912" align="aligncenter" width="560"] Фото: autonews.ru[/caption] Сонымен қатар, бұл бастама Қытайда да жалғасатыны белгілі болды. «Қытай біз үшін өздігінен жүретін автомобильдерді сынақтан өткізуге қолайлы елдердің бірі. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігіне пайдасын тигізеді», – деді компани басшысы Хакан Самуэльсон. Volvo жаңа техникаларын арнайы лазерлі сканермен жабдықтайды. Осы арқылы кедергілерді анықтайды. Ал алдыңғы әйнектің көмегімен жол ережелерін сақтап, бағыт-бағдарды дұрыс айқындайтын болады. Артқы бампері мен радиаторының торына бірнеше камера қойылады. Автотұрақта дұрыс тұру үшін 12 ультрадыбысты құрылғы орнатылады. Аян ӘБДУӘЛИ