• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2016

Вован мен Лексус допинг дауының саясат екенін анықтады (видео)

234 рет
көрсетілді

Ресейдің белгілі пранкерлері Вован мен Лексус Бүкіләлемдік антидопинг агенттігінің (WADA) басшысы Крэйг Риди мен АҚШ антидопинг агенттігінің жетекшісі Трэвис Тайгертке телефон шалып, Ресей спортшыларын шарпып жатқан допинг жанжалының таза саяси мақсаттан туындағанын анықтады. Бұлардың соңғысы осы тексерістің жүргізілуіне өзі тікелей мұрындық болған екен. Пранкерлер аталмыш тұлғаларға Украина спорт министрі Игорь Ждановтың атынан шыққан. Әңгіме барысында Крейг Ресейде 2006-2015 жылдары антидопингі орталығын басқарған Григорий Родченковтың The New York Times газетіне берген сұхбаты осы даудың жалғыз ғана айғағы екенін ашып айтқан. Одан басқа ешқандай дерек болмаған. Бұған қоса, өзін Украина спорт министрінің өзімен сөйлесіп отырмын деп ойлаған Трэвис Тайгарт сөзінің басында Ресей Федерациясы спортшыларын барлық жарыстардан шығарып тастау керек екенін айта отырып, «бұл саясат қой, досым» дегенді қыстырып қойған. НТВ телеарнасы арқылы жүргізілген пранкерлердің телефон шалулары кезінде миллиондаған көрермен допинг дауының осылайша ешқандай негізсіз, қолдан ұйымдастырыла салғанына көз жеткізді. Еске сала кетейік, Ресей спортшыларының қатысуларымен көтерілген допинг жанжалы өткен жылдың қараша айынан бастау алады. Ол Канадаға қашып кеткен Родченковтың аталған басылымға берген сұхбатынан кейін қозғалды. Ал бұл маман сол сұхбатта Сочи Олимпиадасы кезінде Ресейдің медаль алған 15 спортшысы допинг пайдаланды, дегенді айтқан болатын. Бірақ ол мұны нақты дерекпен дәлелдеп берген жоқ. Бұл дау-шардың аяғы Қазақстанның да бірқатар спортшыларын қамтып өтті. Соның нәтижесінде Бейжің және Лондон Олимпиадаларында алтын медаль алған 4 спортшымыз Риоға бара алмайтын болып отыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ https://youtu.be/cNkWlgTH5Kc