• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Әкімшілік кедергілерді азайтатын заң

401 рет
көрсетілді

Осыдан біраз бұрын елімізде «Кейбір заңнамалық актілерге рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Бұл заң елімізде кәсіпкерлікті белсенді жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатымен әзірленген құжат. Біз осы заң жобасын Сенатта қараған жұмыс тобының жетекшісі Бекмырза ЕЛАМАНОВҚА жолығып, оның кейбір ерекшеліктері туралы сұраған едік. – Аталмыш заң жобасын қол­ға алу­дың алғышарттары қандай? – Кәсіпкерлікті жүргізуге тұсау болатын әкімшілік кедергілер бізде әлі де бар. Оның негіз­гі себебі, біз­дің кеңестік жүйеден уақыт өт­се де, арыла қоймаған­ды­ғы­мыз­­да жатыр. Өзіңіз ойлаңыз­шы, ол кезде бәрі де тек рұқсат етіл­­ген жағдайда жасалушы еді. Сон­­дық­­тан қазір кез келген іскер­лік бас­тамалар алдымен рұқ­сат қағаз­­дарына келіп тіреледі. 2011 және 2012 жылдары да осы мә­селе парламентарийлердің алды­на тартылып, рұқсат беру құжат­тарын оңтайландыру туралы ар­найы заңдар қабылданған. Осы заң­дар рұқсат беруді 30 па­йыз­ға дейін қысқартты. Бірақ, төре­шіл­дікке машықтанған әкімшілік жүйе рұқсат берудің жаңа түр­лерін ойлап тауып, олардың саны қай­тадан көбейіп кетті. Сол себеп­ті рұқсаттарды бір жүйеге келтіру мақсатымен 2014 жылы «Рұқсат беру және хабарламалар туралы» Заң қабылданды. Ол рұқсат берудің са­нын 481-ге дейін қысқартты жә­не лицензия алатын кәсіптің санын 227-ге тіреп, барынша нақтылады. Алайда, бұл да көп еді. Жеке биз­­не­сін жүргізуге тырысқан жүз­­­­де­­ген кәсіпкерлер оның көп еке­­­нін барлық жерде, бар­лық кез­де ай­­тып жүрді. Сондық­тан Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өзі­нің 2014 жылдың 2 қыркүйе­гін­де Пар­ламенттің бесінші шақы­ры­лы­м­ы­ның төртінші сессиясының ашылуындағы сөйлеген сөзінде рұ­қсат беру рәсімдерін 50 пайыз­ға азайту туралы тапсырма берді. Міне, Президенттің осы тап­сыр­ма­сына сәйкес аталмыш заң жоба­сы әзірленген еді. Онда рұқ­сат беру құжаттарын 153-ке қыс­қар­ту көзделді. Бұл жалпы рұ­қ­сат­тардың 39 пайызы. Сонымен қатар, заңда Қазақстанның халық­ара­лық міндеттемелері ше­ңберін­де регламенттелген қыс­қар­тыл­май­тын 41 рұқсат анықталған. Оның ішінде аса қауіпті қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілетін рұқсаттар бар. Мысалы, атом қуа­­тын қолданумен байланысты жұ­мыс­­тар. Сондай-ақ, темір жол сала­­сын­дағы жүктер тасымалдау жұмыс­­тарындағы экспорттық бақы­­лануы тиіс өнімдердің им­пор­тына лицензия беру және т.б.  Алайда, заң 34 рұқсатты мүлде алып тастап, 14 рұқсатты хабарла­ма тәртібіне ауыстырғанын да айта кету керек. – Бұл заң жобасы Мәжіліс­тің талқылауында болмады ғой. Сіздер оны бірден қарас­тыр­дыңыздар ма? Өзгерістер қан­дай бағыттарда жүргізілді? – Иә, ол кезде Мәжілістің бесінші шақырылымы таратылып, Үкімет әзірлеген заң жобасы тіке­лей бізге әкелінген болатын. Заң жобасын Сенаттың қарауына әзір­­леу жөніндегі жұмыс тобына жетек­шілік еттім. Үкіметтің жоба­сына 250-дің үстінде өзгеріс­тер ұсынылды. Осы заңға байла­ныс­ты 9 кодекске, 38 заңға өзгеріс­тер енгізілді. Бірін-бірі қайта­лай­­тын рұқсат беру рәсімдері қыс­қар­тыл­ды. Көптеген рұқсат беру рәсімдері хабарлама түріне ауыстырылды және біршама рұқсат беру құжаттары азайтылды. Жұмыс тобының және коми­тет­тің отырыстарында заң жобасы Сенаттың басқа комитеттері депу­таттарының, қоғамдық бірлес­тік­тер өкілдерінің, палата аппараты қыз­меткерлерінің және заң жобасы бастамашыларының қатысуы­мен бірнеше рет қаралып, талқылан­ды. Барлық комитеттердің ес­керт­пелері мен ұсыныстарын ес­кере отырып, мынадай бағыт­тар бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу қажеттілігі туын­дады: Жер кодексіне жеке тұр­ғын үй құрылысы үшін жер учас­ке­лерін беру мәселесінде құры­лыс­қа дайындалған алаңдар тура­лы ақпаратқа қолжетімділігін қам­тамасыз ету, кезекте тұрған адам­дар­дың тізімдерін ашық көрсету сияқты нормалар қосылды. Бұдан басқа жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы және орналасқан жері туралы мәлі­меттер, жер телімдерінің ара­лас меншік иелері мен жер пайда­л­ану­шылары туралы және т.б. мәлі­меттерге нақтыланған нормалар енгізілді. Су кодексінің 37-бабы су нысандарында су қорғау аймақ­тары мен белдеулерінде құрылыс жобаларын келісу мәселелерін нақтылау бойынша жаңа норма­лар­мен толықтырылды. – Кейбір нақты заңдар­ға енгізілген рұқсат беру және ар­тық рұқсаттарды алып тас­тау сияқты нормаларды атап өтсеңіз? – Мысалы, Салық кодексінің 471-бабына енгізілген өзгеріспен заңды тұлғалардың темір-терсек жинаумен, сақтаумен айна­лыс­қандары үшін төлейтін тіркелу алымы алынып тасталды. Алайда, осы бапқа ататын қару жа­сау­ға, жөндеуге және саудалауға 22 АЕК кө­лемінде тіркелу алымы енгі­зілді. Жарнама үшін алынатын төлем­дер­дің тәртібіне де өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мәселен, көлік құралдарына жапсырылған жарнамалар үшін төленетін ақы алынып тасталды. Мемлекет­тік баж салығын алу тәртібі де толықтырылды. Соның ішінде техникалық бақылау жасағаны үшін берілетін халықаралық сертификатқа мемлекеттік баж салығы төленбейтін болды. Бірақ, Салық кодексінің осы бабына азаматтық пиротехникалық өнім­дер сатып алуға арнайы рұқсат алғаны үшін мемлекеттік баж төле­нетін болды. Елімізде және бүкіл әлемде терроризм мен экс­тре­мизмге қарсы күрес жү­ріп жат­қанда, адамдардың отты қару сатып алуына шектеу қою керек­тігі күн тәртібіндегі қажет­тілік бо­лып тұрғаны белгілі. Осы­ған орай, оларға қол жеткізу бір­шама қиын­­датылды. Атап айт­қанда, Са­лық кодексінің 540-бабы­на аза­мат­тық және қыз­метт­­ік қару­лар­ды сатып алу және аза­маттық пиро­техникалық заттарды алу ба­жы­ның ставкасы 300 пайызға артты. – Бизнеске қолайлы ахуал жасау мәселесі халықаралық рейтингтерде де қарастырылып жататынын білеміз. Осы тұрғы­дан алғанда бұл заңның Қазақ­станның рейтингін көтеруге әсері болды ма? – Әрине, халықаралық рей­тинг агенттіктері бизнес жасау ахуалының қолайлылығын үне­мі қадағалап отырады. Осы заң Қазақстанның Дүниежүзілік банк­тің «Doing business» рей­тингіндегі позицияларын әжеп­тәуір жақ­сартатын болады. Бизнеске қолай­лы ахуал тудыру бағы­тын­дағы өзгерістерді атай кететін болсақ, мысалы, бұрын жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу уақыты 5 жұмыс күнінде іске асы­­рылатын. Енді ол 3 күнге қыс­қар­тылды. Жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктердің 10 және одан артық дауысқа ие қаты­су­шыларына кезектен тыс жал­пы жиналыс өткізу құқығы берілді. Акционерлік қоғамдардың 5 және одан артық пайыздық ак­ция­лар үлестерінің иелеріне ак­ционер­лер жиналысының күн тәр­тібіне қосымша мәселелер ен­гізу құқығы берілді. Мұндай өз­гер­тул­ер бизнеспен айналысушы отан­дастарымыз үшін өте маңыз­ды. – Ақылы рұқсат берулерді қыс­қартудың салдарынан бюд­жеттің түсім бөлігі азайып қал­май ма? – Азаяды. Бірақ, бұл бизнестің өркендеп, оның табыстан түсіретін салығымен салыстырғанда түк емес деп айтуға болады. Нақ­ты ай­татын болсақ, ақылы негізде бері­летін 11 рұқсат беру құ­жа­тын қысқартқаннан республи­к­алық бюджетке 3,2 млн. теңге, жер­гілікті бюджеттерге 464,3 мың теңге кем түседі деп болжан­ған. Қорыта айтқанда, бұл құжат елімізде бизнес жүргізуге барын­ша қолайлы жағдай жасап, кәсіп­кер­ліктің қарқынды дамуына, осы сектордағы өндіріс көлемін ар­ттыру есебінен елдің ұлттық табы­сын молайтуға оң ықпал жасап отыр деп сеніммен айта аламыз. – Президенттің 5 институттық реформасын іске асыратын «100 нақты қадам» – Ұлт жос­парын қамтамасыз ететін заң жоба­ларын әзірлеуге де атса­лыстыңыз. Осы бағытта ат­қар­ған жұмыстар жөнін­де де айта кетсеңіз? – Біздің Экономикалық сая­сат, инновациялық даму және кәсіп­керлік комитеті 14 заң жобасы бойынша және бесінші реформа – «Есеп беретін мемлекетті қалып­тастыру» жөніндегі 10 қадамды заңнамалық қамтамасыз ету бо­йын­ша жұмыс істеді. Соның ішінде өзім жұмыс тобын басқарған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мем­­лекеттік қызметтер көрсету мәсе­­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Заңға тоқтала кетейін. Аталған заң халыққа мемле­кеттік қызмет көрсетудің рәсім­дерін жетілдіруге, барлық көр­се­тілетін қызметтер үшін бірың­ғай сапа стандарттарын қалып­тас­тыруға, қызмет көрсету мер­зімі мен талап етілетін құжаттар санын қысқарту­­ға, тұтынушымен толық циклда жұмыс істеуге және қызметінің ашық­­ты­ғын қам­тамасыз етуге бағыттал­ған. Заң ха­лыққа қызмет көрсету ор­та­лықтары базасында «Жер кадастры мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжы­май­­тын мүлік орталығы», «Мемле­кеттік зейнетақы төлеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіп­орындарын біріктіру жолымен мемлекеттік қызметтердің бірың­ғай провайдеріне айналатын «Үкімет – азаматтар үшін мем­ле­­кет­тік корпорациясын» құру­ды және оның «бір терезе» қағи­даты бойынша жеке және заңды тұлға­лар­ға мемлекеттік қыз­мет­терді көр­сетуін көздейді. Қазір елімізде мемлекеттік қызметтердің 739 түрі тіркелген. Біз қабылдаған заң бойынша аталмыш корпорация соның 530-ын «бір терезе» қағидаты бойын­ша халыққа қызмет көрсететін бола­ды. Сайып келгенде, бұл да елі­мізде кәсіпкерліктің өріс аша түсуіне ыңғайлы ахуал тудырады деген үмітіміз бар. Бұл жұмыс одан әрі жалғастырылуда. Жуыр­да мемлекеттік корпорация арқы­лы көрсетілетін қызметтер тізімі ведомствоаралық комиссияның оты­рысында қаралып, тағы да 53 қызмет түрі қосылды. Ол алдағы уақытта Парламентке ұсынылатын өзгертулерде қарастырылатын болады. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»