• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Балдырғандар бақыты

351 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында мем­лекет-жекеменшік әріп­тестігі аясында 125 орындық жаңа балабақша ашылды. «Елордамыздың кәмелет жасқа толуына орайластырылып ашылған бұл балабақша заман талабына сай жабдықталып отыр. Негізі Алматы облысының орталығында мемлекеттік саясатқа сай жаңадан ашылуы жоспарланған 12 балабақшаның үшіншісі. Мұнда барлық жағдайлар жасалған. Ыңғайлы да таза бөлмелердің бар­­лығына бейнекамералар ор­натылған», деді Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев. Бүгінгі күнге дейін Тал­ды­қорған қаласында мектепке дейінгі 50 мекеме жұмыс істеуде. Сол мекемелердің 16-сы ғана мемлекеттік болып саналады. Бұл бизнесмендердің мемлекет-жекеменшік әріптестігіне ерекше көңіл бөліп, қызығушылық танытып отырғанын білдіреді. Тағы бір айта кетер жайт, осы жаңа балабақшаны ашумен бірге талдықорғандықтар үшін 37 жұ­мыс орны да пайда болып отыр. Бизнесмендер тарапынан ерекше қарқынмен қолға алынған бұл шара халықтың да көңілінен шығуда. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» ТАЛДЫҚОРҒАН