ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының тізімі жыл сайын жаңарып, оған әлемнің әр түкпірінен табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар енетіні белгілі. Таяуда ұйымның Ыстанбұлда өткен Үкіметаралық комитетінің сессиясында Тянь-Шань тауларының Қазақстан мен Қырғызстан аумағындағы сілемдері осы тізімге қосылды.
Бұған дейін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы облысында орналасқан Тамғалы петроглиф тас кешені, Сарыарқа даласы, Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Талғар, Ақыртас, Құлан сынды ежелгі қалалар, тағы да басқа нысандар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының қатарына енген болатын. Әлем бойынша тізімдегі нысандардың жалпы саны мыңнан асып-жығылады.
Нұрислам АСҚАР