• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

«Алтын сарайдың» алтын шахматы

469 рет
көрсетілді

Американың «Алтын сарай» деп аталатын компаниясы алтынмен апталып, түрлі асыл тастармен безендірілген шахмат жасап шығарды. Жалпы салмағы 125,5 каратқа тең 4874 асыл тас пайдаланылған бұйымның бағасы 370 мың долларға бағаланып отыр. Әрбір фигураны қолмен ойып, безендіріп шығу үшін зергерлер бас-аяғы 4 жарым мың сағат уақыт еңбектеніпті. Қымбат шахматпен ойнағысы келген тапсырыс берушінің есімі әзірге беймәлім. «Алтын сарай» компаниясы бұған дейін де неше түрлі қымбат бұйымдар шығарып, әлемге танылған. Мәселен, жуырда ғана әйгілі рэпер Снуп Дог үшін алтыннан тіс шұқығыш жасап берді. Сондай-ақ, асыл тастарды пайдаланып балық аулайтын ау, коктейл түтігін жасаған. Құны 500 мың долларға бағаланған алтын велосипед бұл компанияның ең қымбат бұйымы саналады. Нұртөре САМАРҚАН