• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Шілде, 2016

Жапонияда мүгедектер үйіне шабуыл жасалды

319 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53080" align="aligncenter" width="560"] Фото: kp.ru[/caption] Жапонияның Канагава префектурасындағы Сагамихара қаласында бір адам мүгедектер үйіне баса-көктеп кіріп, пышақпен шабуыл жасаған. Салдарынан 19 адам қаза тауып, 20 адам түрлі жарақат алды. Дәрігерлер олардың төртеуінің жағдайы тым ауыр екенін мәлімдеді. Ал NHK телеарнасының мәліметінде зардап шеккендер 45 адам екені айтылады. «Ер адам мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемеге шабуыл жасады. Полиция 19 адамның опат болғанын, сондай-ақ 45-і зардап шеккенін мәлімдеді», – деп хабарлады NHK телеарнасы. Оқыс оқиға Токиоға жақын жердегі «Цукуидегі лала гүлдер» мүгедектер интернатында орын алды. Қанды әрекетін жүзеге асырғаннан кейін күдікті полицияға қарсыласпай, өз еркімен берілген. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ол – 26 жастағы ер адам. Дәл осы интернатта үш жыл қызмет етіп, жарты жыл бұрын өз қалауымен шығып кеткен. Бүгінге дейін жұмыссыз жүріпті. Аян ӘБДУӘЛИ