• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2011

Қадағалау пәрменділігі – заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді

551 рет
көрсетілді

Талап және тәртіп Астана қаласының прокуроры, 3 дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі Мұхтар ЖӨРГЕНБАЕВПЕН әңгіме – Мұхтар Әкебайұлы, бү­гінде елордамыз өндіріс орын­дары мен мекеме-ұйымдар шо­ғырланған ірі мегаполиске ай­налып келеді. Уақыт өткен сайын тұрғындар саны да кө­бейе түсуде. Прокуратура – заң­ды­лықтың сақталуын қадаға­лайтын ең басты орган. Ал Астана қаласының прокура­тура­сы осы бағытта қандай жұ­мыстар атқарып келеді? – Прокуратура органдары­ның басты міндеті заңдылықтың сақ­талуын қадағалау арқылы құ­қық­тық тәртіпті нығайту, аза­мат­тар­дың құқықтарының қор­ғалуын қам­тамасыз ету болып табылады. Астана қаласының про­куратура­сы ел Конституциясын басшы­лық­қа алып, осы бағыт­тар­да тиісті қада­ғалау шараларын жү­зеге асы­рып келеді. Өткен жы­лы азамат­тар­дың еңбек құқы­ғын, тұрғын үй құ­ры­лы­сына қатысу­шы үлескер­лер­­дің құ­қы­ғын қор­ғауға, бюджет қар­жысы­ның мақ­сатты пайда­ла­нуы­на, сон­дай-ақ сыбайлас жем­қор­­лық пен басқа да қылмыс түр­лерімен күрес­ті кү­шей­туге және азама­ттар­дың конс­ти­туциялық құ­қық­тарын қор­ғауға баса назар аударылды. Астаналық прокуратура үшін халықаралық саяси форум – ЕҚЫҰ Саммитінің өтуіне байла­нысты Астана аумағында ішкі саяси-әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәсе­ле­лер ерекше маңызды болға­нын атап өткен жөн. Заңдылық пен құ­қықтық тәртіпті нығайту, қылмыс және сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы күреске байла­ныс­ты аса ма­ңыз­ды мәселелер Қ­ұ­қық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің қа­рауына енгізілді. Сы­байлас жем­қор­лыққа қарсы күресте оның ал­дын алуға ба­ғыт­талған нақты істер жүзеге асырылуда. Мы­салы, про­ку­рорлардың ұсыныс­тары­ның негізінде өткен жылы 27 адам тәр­тіптік, бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, үш лауа­зымды тұлға, оның ішінде ха­лық­қа қызмет көрсету орталық­тары­ның екі директоры қызмет­терінен босатылды. – Қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық салада еңбек­ақыны уақтылы төлемей, ең­бек адамдарын әуре-сарсаңға салу үлкен проблемалардың бірі болып тұр. Бұл – Астана қаласына да тән. – Бүгінде аталған мәселелер, шынында да, Астанадағы ең өзекті проблемалардың бірі. Өт­кен жылы қала прокуратурасы осы мәселе­лер­ге бірінші кезекте назар ауда­рып, тиісті шаралар қолданды. Мы­салы, еңбекақы бо­йын­ша едәуір берешегі бар кәсіп­орындарға кең кө­лемде тексеріс жүргіздік. Тексеру іс-шаралары, сондай-ақ осы кәсіп­орын­дардың дебиторлары болып табылатын мемлекеттік мекемелерді де қам­ты­ды. Прокуратура та­ра­пынан қол­данылған қатаң шара­лар­дың нәтижесінде еңбекақы бо­йын­ша берешек көлемі 459 миллионнан 248 миллион теңгеге тө­мен­­де­ді. Сонымен қатар, өз ісіне жауап­­сыз қараған жұмыс беру­шіл­ердің үсті­нен 15 қылмыстық іс қозғал­са, оның 11-ін қала про­кура­тура­сы қозғаған. Қылмыстық істерді тергеу барысында 155 миллион тең­­ге­ден астам еңбекақы бе­ре­­шегі­нің өтелуі қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде жоғарыда атал­ған қылмыстық істердің үшеуі еңбекақы берешегінің толық өте­ліп, тараптардың өзара б­і­тім­ге келуіне байланысты тоқ­та­тыл­ды. Қалған 9 қылмыстық іс Астана қала­сы ішкі істер депар­та­менті­­нің өндірісінде және қала про­ку­ратурасының ерекше бақы­лауына алынған. – Үлескерлердің тұрғын үй құ­ры­лысына салған қар­жы­ларын жым­қыру фактілері бо­йын­ша қан­дай жұмыс атқа­рыл­ды? Жал­пы, астаналық прокуратура тұр­ғын үй құрылысы үлес­керлерінің проблемаларын шешуге қалай ықпал етуде? – Үлескерлер проблемалары Астана тұрғындары үшін өзекті де өткір мәселелердің қатарына жата­ды. Ретіне қарай айтатын бол­сақ, өткен жылы үлескер­лер­дің салған ақшаларын жымқыр­ған тұрғын үй кешендері құрылы­сын салушы­лар­ға қатысты 8 қыл­мыстық іс қозғал­ды. Бес қылмыс­тық іс сотқа жолданса, екі қыл­мыс­тық іс қаржы по­лициясының өндірісінде. Жалпы, үлескер­лер­дің қаражатын ұрлауына байла­ныс­ты 39 құрылыс компания­сы­ның басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр. Сондай-ақ біз тұрғын үй құры­лысы кооперативтерінің 5750-ден астам мүшесінің мүдделерін қор­ғай отырып, Астана қаласының ма­ман­дан­дырылған ауданаралық эко­номи­калық сотына 75 талап-арыз енгізген едік. Сот оның бә­рін қана­ғаттан­дыр­ды. Прокура­ту­р­а­ның талап-арыз­дары бойын­ша жалпы кө­лемі 29 867 101 998 теңгені құ­рай­тын көп қабат­ты тұрғын үй құры­лысы кешендеріне үлескерлік қа­ты­су туралы 5 999 шарт бұзылды. Оның ішінде аяқтал­маған мансард құрылыс­та­ры­на қа­тысты шарттар да бар. Со­нымен қа­тар, Астана сот­тарын­да қазіргі уа­қыт­та жо­сық­сыз құ­рылыс салушы­лар­дың мүл­кі мен дебиторлық қа­рыз­дары­ның есебінен 3,9 миллиардтан астам теңгені өндіру туралы қала про­кура­тура­сының 11 талап-арызы қаралуда. Елордада бірқатар жылдардан бері шешімін таппай келген мемлекет қажеттілігіне алынған жер телімдері үшін азаматтарға өтем­ақы төлеу мә­селесінің де қала прокура­тура­сы­ның ерекше бақы­лауында еке­нін атап өткім келеді. Өкінішке қарай, аза­маттарға өтем­ақы төлеу мақ­са­тын­­да құрылған «Пәтер бю­ро­сы» АҚ бөлінген қаражатты бас­қа мақ­сатқа пайдаланған. Осыған бай­ланысты 6 қылмыстық іс қоз­ғалып, оның біреуі сотқа жолданса, қалған­дары бойын­ша қазіргі кезде тергеу амалдары жүр­гізіліп жатыр. Қалып­тасқан жағ­дайды түзеу үшін прокуратура көп жұмыс атқарды, нәти­жесінде қарыз көлемі 3 миллиард теңгеден 880 миллион теңгеге төмендеп отыр. – Табиғат қорғау, экология­лық заңдылық­тарды сақтамау жиілеп бара жатқан секілді. Бұ­ған қарсы Астана прокуратура­сы тарапынан қандай шаралар қолданылуда? – Қоршаған ортаны қорғау мәсе­лелеріне қатысты астаналық прокуратура өткен жылы 37 тексеріс жүр­гізіп, экологиялық заң­на­ма талап­та­рын бұзудың 193 фак­тісін анықта­ды. 14 лауазымды тұл­ға тәртіптік, 4 лауазымды тұл­ға әкімшілік жауапкершілікке тар­тылды. Прокурорлық ықпал ету нәтижесінде «Астана Су Арнасы» МКК 25,6 миллион теңге мөл­ше­рін­де қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеді және кәсіпорын әкім­шілік жауапкершілікке тарты­лып, мемлекет бюджетіне 21,7 миллион теңге айыппұл төледі. – Прокуратура әрқашан да кәмелетке толмағандардың, яғни балалардың құқықтарын қор­ғау­ға айрықша көңіл бөлетіні бел­гілі. Осы бағытта атқарыл­ған жұмысқа тоқталып өтсеңіз. – Дұрыс айтасыз, кәмелетке тол­мағандардың құқықтарын қор­ғау мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емеспіз. Осы мақ­сат­та жүргізілген 98 тек­серіс­тің нәтижесінде кәмелетке толма­ған 190 жасөспірімнің конс­титу­ция­лық құқығы қорғалды. Про­кура­тураның дер кезінде қабыл­даған шара­лары­ның арқасында психо­невроло­гия­лық диспансерде тәр­бие­лену­ші­лердің жеке есеп-шо­ты­нан жалпы көлемі 80 миллион теңгені құ­райтын қаражатты негізсіз алудың жолы кесілді. Соны­мен қатар, прокуратураның ықпал етуімен жетім балаларға арналған интер­наттың 18 түлегі тұңғыш рет пәтермен қамтамасыз етілді. Қала прокуратурасы жастар­дың жағымсыз әрекеттерге бой ал­дыр­мауына да ықпал етіп келеді. Про­курорлардың жоғары оқу орын­­дарында, колледждерде, мек­теп­тер мен лицейлерде құ­қық тү­сін­діру жұмыстары күшейтілді. Бұл мәселе менің жеке бақы­лауыма алынған. Сондай-ақ студент жас­тар­ды тол­ған­дыратын ең өзекті мә­селелерді талдап, уәкі­летті орган­дар­ды олар­ды шешуге бағыттап отырамыз. – Астанада қылмыстылық­тың жай-күйі қандай деңгейде? – Статистикалық мәліметтер­ге сүйенсек, өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша елордада қыл­мыс­тылықтың өсуі байқалады, яғни тіркелген қылмыстар саны 2009 жыл­мен салыстырғанда 13,4 па­йыз­ға ұлғайып, 4491-ге жеткен. Дегенмен, қылмыс санының өсуі­не негізінен Бас прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Электронды арыздарды есепке алу кітабы» атты қанат­қақты жобаның себепші болғанын атап өткен жөн. Өйткені, осы жо­ба­ға сәйкес, қылмыстар туралы арыздар мен ақпараттар электрон­ды жүйе арқылы тіркеледі. Өткен жылы аса ауыр қылмыстар мен кісі өлтіру, денеге ауыр жарақат салу сияқты қылмыстар едәуір азайып отыр. Сонымен қатар, жасалған қылмыстарды есепке алу-тіркеу тәртібін қадағалау күшей­тіліп, нә­ти­жесінде 325 қылмыс анықта­лып, олар іс қозғау арқылы есепке қойылды, оның ішінде 60 іс соттың қарауына жіберілді. Жалпы, прокуратура осы ба­ғыт­тағы әртүрлі заң бұзушы­лық­тар бойынша 361 қадағалау актісін енгізіп, оларға жол берген қылмыстық қудалау органдары­ның 283 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. – Ал азаматтардың өтініш­терін қарау бойынша қандай шаралар қабылдануда? – Жалпы, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері – бұл заң­ды­лықтың ең объективті көрсет­кіші екені мәлім. Өткен жылы азаматтар мен заңды тұлғалардан про­куратураға келіп түскен 15 мыңға жуық өтініштің 8 мыңнан астамы тікелей прокуратура ор­ган­дарымен шешілді. Оның ішінде 22 пайызы қанағаттан­дырыл­ған, яғни әрбір бесінші өтініш бойынша азаматтар­дың заңды құқықтарының бұзылуы анықта­лып, шара қабылданған. Өтініштерді қарау бары­сын­да анықталған заң бұзушы­лық­тарды жою мақсатында қаланың прокуратура органдары 161 ұй­ғарым, 79 ұсыныс енгізіп, 52 на­ра­зылық келтірсе, оларды қарау нәтижесінде 66 лауазымды тұлға тәртіптік, 54 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартыл­ды, 21 қылмыстық іс қозға­лып, 4 адам сотталған. Алдағы уақытта да азаматтар мен заңды тұлғалар­дың өтініштерін қараудың тиімділігін арттыру Астана қаласы прокура­тура­сының басты наза­рында бола­ды. Өйткені, соған қа­рап халық мем­лекеттік билік ор­ган­дарының қызметінің тиімділігіне баға береді. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.