• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2016

Непалда су тасқынынан 33 адам опат болды

261 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53316" align="aligncenter" width="560"] Фото: ria.ru[/caption] Непалда толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты. Салдарынан опат болғандар саны 33 адамға жетті. Осыған дейін 28 тұрғынның қаза тапқаны хабарланған болатын. «Тосын табиғат апатынан дүйсенбіден бері 33 адамның мәйіті табылды. Сонымен қатар, 23-і із-түзсіз жоғалып кетті. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде», – деді елдің ішкі істер министрлігі. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, қаза болғандардың екеуі – балалар. Олар ел астанасы Катманду қаласындағы мектептердің бірі қирағанда опат болған. Өткен сейсенбіге қараған түні елдің бірқатар аудандарында сел жүрген болатын. Осыған байланысты тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Билік арнайы құрылған құтқарушы топты апатты аймаққа жіберді. Сонымен қатар, жағалауға жақын ондаған ғимарат қирап қалудың алдында тұр. Аян ӘБДУӘЛИ