[caption id="attachment_53325" align="aligncenter" width="560"] Фото: meteoprog.ua[/caption]
Грекияда төтенше жағдай жарияланды. Хиос курортты аралы отқа оранды. Осының салдарынан бірнеше елді мекенге қауіп төніп тұр. tvzvezda.ru ақпары бойынша апатты аймақтан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Қызыл жалынның кесірінен жергілікті халықтың табыс көзіне айналған зәйтүн бақтары мен шайыр ағаштары жойылып барады. Ал күшті жел өрттің жылдам таралуына себепші болып отыр.
Қазіргі таңда бұл аралда өрт авиациясы қызмет етіп жатыр. Құтқарушылар, әскерилер, еріктілерден құралған жүздеген адам тілсіз жаумен арпалысуда.
Аян ӘБДУӘЛИ