• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2016

Конституциялық сот басшысымен пікірлесті

457 рет
көрсетілді

Жақында Қазақстанның Мысырдағы елшісі Берік Арын Египет Араб Республикасы Жоғарғы конституциялық сотының төрағасы Әбдел Уахаб Хасанмен кездесті. Кездесуде елші Ә.Хасанға Қазақстан Республикасы Жоғар­ғы Сотының төрағасы Қай­рат Мәмидің мансапқа тағайын­далуына орай құттықтауын жет­кізіп, Қазақстан мен Мысыр ара­сын­дағы сот-құқықтық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдары жөнінде пікір алмасты. Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің үстіміздегі жылғы ақпан айындағы Астанаға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастардың барлық салаларының дамуына жаңа серпін бергені атап өтілді. Б.Арын сұхбаттасын елі­міз­дің маңызды ішкі саяси оқи­­ғаларымен таныстыра келіп, Қазақ­­­­стан Президенті Нұр­сұлтан Назар­баевтың тапсырмасы­мен Қазақстанда жүзеге асыр­ылу­дағы 5 институттық реформа­лар шеңберінде атқарылып жат­­­қан құқықтық реформалар, со­ның ішінде ішкі тәжірибе мен озық халықаралық стандарттар негізінде сот төрелігі жүйесін жетілдіру бағытындағы шаралар туралы хабардар етті. Сыртқы саяси бастамалары­мызға тоқтала отырып, елші Қазақстанның 2017-2018 жыл­дарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланғанын хабарлады. Бұған қоса, ол ЭКСПО-2017 көр­месіне дайындық барысымен таныстырып, кейін оның инфрақұрылымы негізінде «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының құрылатынын және дауларды шешу үшін арнайы соттың жұмыс істейтінін атап өтті. Мысырдың Жоғарғы консти­туциялық соты ең жоғары сот билігі ретінде мемлекеттің ішкі саяси өмірінде маңызды орын алатындығын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, Конституциялық сот басшысы 2013-2014 жыл­дар аралығындағы Мысырдың қиын өтпелі кезеңінде мемлекетті басқарды, ал аталмыш институт елді саяси дағдарыстан шы­ғару бойынша «Жол картасын» табысты жүзеге асыруда, соның ішінде елдің жаңа Консти­ту­ция­сы да бар. «Егемен-ақпарат»