• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2016

Сирияда лаңкестік шабуылдан 44 адам қаза тапты

316 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53473" align="aligncenter" width="560"] Фото: lenta.ru[/caption] Сирияның солтүстік-шығысындағы Эль-Камышлы қаласында лаңкестік шабуылдардан 44 адам қаза тапты. lenta.ru ақпары бойынша бұдан бөлек 170-тен астам тұрғын түрлі деңгейде жараланды. Осыдан бірнеше күн бұрын жанкешті әскерилер жиналған жерде өзін жарып жіберген. Белгілі болғандай, үкімет әскері көбіне ДАИШ содырларына қарсы күреседі екен. Оның бұл ісі жүзеге асқаннан кейін артынша динамит орнатылған мотоциклдің күлі көкке ұшқан. Көп ұзамай қанды әрекетті ДАИШ содырлары жасағаны анықталды. Эль-Камышлы қаласы Түркиямен шекаралас аймақта орналасқан. Айта кетейік, 2011 жылы көктемде Сирияда президент Башар Асадқа қарсы бейбіт шеру ретінде басталып, кейін азаматтық соғысқа ұласқан. Салдарынан бүгінге дейін көптеген жазықсыз жандар адам қаза тапты. Аян ӘБДУӘЛИ