• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
28 Шілде, 2016

Елімізде автонесие арқылы 6 мыңнан астам адам көлік сатып алған

256 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53519" align="aligncenter" width="560"] Фото: exclusive.kz[/caption] Елімізде өткен жылдан бері жеңілдетілген автонесие мемлекеттік бағдарламасы арқылы 6757 адам көлік сатып алған. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрлiгiнiң ресми өкiлi Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді. 2016 жылдың алғашқы алты айында елімізде 3772 көлік құрастырылды. Олардың қатарында жүк көліктері, жеңіл көліктер және автобустар бар. «Егер 2013-2014 жылдармен салыстырар болсақ, автокөлік өндірісі аздап құлдырады. Бұған әлемде болып жатқан жағдайлар, девальвация әсер етіп отыр. Қазіргі таңда мұндай жағдайға тек Қазақстан ғана емес, бізден бөлек тағы 17 мемлекет тап болды. Дегенмен, еліміздің жалпы ішкі өнімі құрылымында отандық автоөндіріс кәсіпорындарының үлесі айтарлықтай. Оның көлемі жартыжылдық қорытындысы бойынша 36,6 миллиард теңге болды», – деді Инвестициялар және даму министрлiгiнiң ресми өкiлi. Бұл өңдеушi өнеркәсiптiң бiрқатар негiзгi салаларындағы көрсеткiштен көбiрек. Мысалы, автоөнеркәсiптiң жалпы iшкi өнiмге қосқан үлесi жеңiл өнеркәсiптен (34,7 млрд. теңге), қағаз өнеркәсiбiнен (20,3 млрд. теңге), фармацевтикадан (18,7 млрд теңге), тоқыма өнеркәсiбiнен (18,3 млрд.теңге), электроникадан (17,2 млрд. теңге), жиһаз өндiрiсiнен (12,2 млрд. теңге), ағаш өңдеу өндірісінен (10,6 млрд. теңге) әлдеқайда жоғары. Аян ӘБДУӘЛИ