• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2016

Жанармай бекеттеріне «Тесла» тоқтайтын болады

318 рет
көрсетілді

Жанар-жағармаймен жүретін көліктердің заманы келмеске кететін күн жақындағаны туралы әңгімелер соңғы уақытта жиі айтылып жүргені белгілі. Тас жолдарда жүйткіген электромобильдердің көбейе бастағаны бұл әңгіменің негізсіз еместігін аңғарта түскендей еді. Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басты мәселе осы тақырып төңірегінде өрбіді. Осы брифингте айтылғандай, алдағы уақытта еліміздегі жанар-жағармай бекеттерінде электро­мобильдерді қуаттандыруға арнал­ға блоктар, сонымен қатар көлік­терге газ құюға арналған стансалар орнатылмақ. Бұл туралы «Қазақ­­станның мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басқарушы директоры Дәулет Қалиханов айтты. Ол үшін алдымен 300 жанар-жағармай бекеті бір үлкен желіге біріктіріліп, бір нүктеден басқаруға көшеді. Электрмобильдерге, сон­дай-ақ, газбен жүретін көліктерге осы стансаларда тиісті қызмет көрсетілетін болады. – Қазір электрмобильдерге сұраныс өсіп келе жатыр, «Тесла-ның» танымалдығы арт­ты. Біз заман талабына сай жұмыс істеуіміз керек. Сол үшін республикалық маңызы бар тас жолдарда жанар-жағар­май бекет­терін электрмобильдерді қуат­­тандыратын блоктармен, сон­дай-ақ, газ стансаларымен жабдық­таймыз. Бұл экономикалық қана емес, әлеуметтік мәні бар мәселе. Себебі, жобаға жергілікті кәсіп­кер­лерді, жергілікті жұмыс күшін тартамыз, – деді Д.Қалиханов. «ҚМӨЗ» ЖШС басқарушы директорының орынбасары Аманай Махметовтің айтуын­ша, электр­мобиль­дерді қуат­танды­ратын блоктармен жабдықтау мәселесі алдын-ала жете зерттелген. – «Тесла» автокөліктерінің қуаты 150-200 шақырымға дейін жүру­ге жетеді екен. Онымен жүре­тін адам­дар қаладан қашық жерге шық­са, көлігін қуаттандыра алмайды, қуаттандыратын блоктар еш жерде жоқ. Біз қуаттан­дыр­ғыш блок­тарды электрмобильдер еркін жете алатын қашық­тық­тарға орналастырамыз, – деген А.Махметов ол бекеттердің ор­на­ласқан жері туралы кейінірек хабар­лайтындықтарын айтты. Сонымен қатар, «ҚМӨЗ» ЖШС бір жүйеге біріктірілетін жанар-жағар­май бекеттерінің жұ­м­ыс сапа­сын тексеретін жедел зерт­­ха­­на­­лар құруды да жоспарлап отыр. Компания қолға алған бас­та­­ма­­ларын жүзеге асыру үшін бес жыл ішінде өз қаржысынан және инвес­тор­лардың есебінен 50 мил­лион дол­ларға тарта қаражат құяды. Арнұр АСҚАРОВ, «Егемен Қазақстан»