• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2016

Мароккода пілдің лақтырған тасынан 7 жасар қыз мерт болды

367 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53629" align="aligncenter" width="560"] Фото: vladtime.ru[/caption] Оқыс оқиға мемлекет астанасында орын алды. Зообақтағы пілдің лақтырған тасынан бүлдіршін қыз мерт болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір отбасы пілдермен суретке түспек болған. 7 жасар қызын иығына отырғызып алған әкесі қоршауға тым тақау тұрған. Дәл осы сәтте күтпеген жағдай болды. Ассиа есімді жануар жұмыр тасты көтеріп алып, оларға қарай лақтырып жіберіпті. Дәл желкеден тиген тастан кішкентай қыз тіл тартпай кеткен. Мекеме қызметкерлері аталған отбасының зообақ ережесін дұрыс сақтамағанын айтып отыр. «Мұндай жағдай бізде өте сирек болады. Қыздың ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз», – деді хайуанаттар бағының өкілі. Аян ӘБДУӘЛИ