• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2016

Мұхит түбінен жаңа тіршілік иесі табылды (видео)

608 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_53681" align="aligncenter" width="560"] Фото: smithsonianmag.com[/caption] АҚШ-тың Калифорния штатында мамандар Nautilus сүңгуір қайық арқылы мұхит түбіне экспедиция жасады. Ғалымдар іс барысында бұрын-соңды болмаған жаңа тіршілік иесін тапты. Күлгін түсті, шар тәріздес су тіршілігі көпшіліктің таңданысын тудырды. «Міне, қызық! Мен мұндайды өмірімде көрген емеспін», – деді зерттеушілердің бірі. Оның диаметрі – 5 сантиметр. Сыртқы түрі кедір-бұдыр, күлгін қабықшасынан қызыл-сары түсті өзегі көрініп тұр. Мұхиттанушылар көп ұзамай вакуумды жүйе арқылы оны сорып алды. smithsonianmag.com ақпары бойынша, кеме ішінде ол екіге бөлініп кеткен екен. Калифорния университетінің қызметкері, мұхиттанушы Джефф Годдард книдария, голотурия сияқты мұхит тіршілігінің жаңа бір түрі деген болжам жасады. Ал тереңірек зерттеу үшін мамандарға бірнеше жыл уақыт қажет. Аян ӘБДУӘЛИ