• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Шілде, 2016

Әлеуметтік тұрғыдан маңызды бағдарлама

269 рет
көрсетілді

Газет редакциясына және Ұлттық Банкке Қарыздарды қайта қаржыландыру бағдар­ламасына қатысты көптеген сұрақтар келіп түседі. ҚР ҰБ қаржылық қыз­меттерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандары солардың ішінде ең көп қойылатын сұрақтарға жауап дайындады. «Егер қарыз алушыда 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бір банкте негізгі борышының жалпы сомасы  36 470 000 теңгеден асатын екі және одан да көп қарызы болған жағдайда, қарыздарды қайта қаржыландыруға бола ма?» – Қарыз алушы қарызы (қа­рыздары) бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда қайта қаржыландырылуға тиіс. Бұл ретте негізгі борышының жалпы сомасы  36 470 000 теңгеден аспайтын қарыздар қайта қаржыландыруға жатады. Өз кезегінде, егер бір қарыз басқа қарыздармен қосылғанда 36 470 000  теңгеден асса, онда қосылғанда көрсетілген сомадан аспайтын қарыздар қайта қаржыландырылады. «Қарыз алушыны бағ­дарлама бойынша қайта қар­жыландыру кезінде банк үшінші тұлғаның қосымша кепілзатын талап етуге құқылы ма?» – Бағдарламаның әлеуметтік бағытын ескерсек, банк қарыз бойынша қосымша кепілзатын талап етуге құқылы емес. «Төртінші баласы 2015 жы­лы туылған қарыз алушы­ның кредиті «халықтың әлеу­меттік тұрғыдан осал тобы» санаты бойынша қайта қар­жыландырыла ма?» – Бағдарламаның әлеу­меттік бағытын ескерсек, мұн­дай қарыздар бағдарлама шең­берінде осы санат бойынша қайта қаржыландырылуға тиіс.