• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2011

Өзара жүйелі іс-қимыл көрінісі

289 рет
көрсетілді

9 ақпан күні Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Кантондар кеңесі Халықаралық қа­ты­нас­тар  комитетінің төрағасы Ойген Давид бастаған Швейцария Конфедерациясының парламенттік делегациясын қа­был­да­ды, деп хабарлады аталған палатаның баспасөз қызметі. Олар Бреттон-Вуд институт­та­ры – Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктегі Швейцария тобына Қазақ­стан­ның қосылуы тұрғысында екі­жақ­ты ынтымақтастық мәселе­лерін талқылау үшін Қазақстанға жұмыс бабындағы сапармен келген болатын. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың даму дең­гейін жоғары бағалады. «Швей­цария Қазақстанның Еуро­падағы маңызды әрі экономика­лық әріп­тесі болып табылады», – деді Қ.Тоқаев және ол аймақтық және халық­ара­лық көптеген мә­селе­лер­дің шешілуінде екі ел көз­қа­растарының ұқ­састығын атап өтті. Төрағаның пікірінше, қазақ­стан­дық және швейцариялық пар­ламентшілер арасындағы бай­ла­ныстарды белсенділендіру үшін парламентаралық өзара іс-қимыл саласында жақсы негіз жа­салған. 2008 жылғы қыркүйек­те Швейцария Ұлттық кеңесінің төрағасы Андре Буньонның Қа­зақ­станға рес­­ми сапары болды. Екі ел пар­ламентшілерінің штаб-пәтері Женевада орналасқан Пар­ламент­ара­лық Одақ, сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блея­сы аясында өзара жүйелі іс-қимылы қалып­тасты. Парламентшілер атап өткен­дей, екі елдің заң шығару орган­дарында достық тобын құру сын­дарлы үнқатысуды дамыту мен заң шығару ісінде тәжірибе алмасу­ға, сондай-ақ өкілетті билік институтын нығайтуға ықпал етеді. О.Давид Орталық Азия аймағындағы экономикалық және саяси дамудағы Қазақстанның маңызды рөлін атап өтті. Сол күні Швейцария делега­циясы Сенаттың Қаржы және бюд­жет, сондай-ақ Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің мүшелерімен кездесті.