Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Н. Әбіқаев Президентке Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ағымдағы қызметі туралы, сондай-ақ ведомство алдында тұрған міндеттердің орындалу барысы жайлы баяндады.