• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2011

Жаңа бапкер жақсы бастады

378 рет
көрсетілді

9 ақпан күні футболдан ұлттық құрама осыдан он күн бұрын Чехиядан шақырылған бапкер Мирослав Беранектің жетекшілігімен Түркияның Анталья қаласында Беларусь командасымен жаңа жылдағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл жолдастық кездесу дең­гейінде өткен матч ешкімнің пайдасына шешілмеді, ойын 1:1 болып аяқталды. Кездесуде бірінші болып есепті қарсыласымыз ашты. Шетелдің біраз команда­ларын­да ойнап, әбден ысылған Александр Глеб бұл жолы да қазақ қақпасының кілтін таба білді. Ол құрамалардың Алматыдағы ойыны 5:1, Брестегі кездесуі 4:0 болып аяқталып, командалас­тарының пайдасына шешілгенде де жасыл алаңнан гол соқпай кетпеген еді. Осы жолы да Бела­русьтің көшбасшысы матчтың бірінші жартысы бітер кезде 11 метрлік айып добын соғып үл­герді. Ал екінші таймның со­ңын­да біздің абыройымызды әріп­тесі­мен алмасқан Сергей Остапенко сақтап қалды десе болады. Бернд Шторк кезінде Самат Смақов, Давид Лория сияқты командадан шеттетілген Остапенко ойынның 90-минөтінде қарсыластар қақпа­сын дәл көздеді. Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 26 наурыз күні Германия командасымен сыр алаңда өт­кізеді. Әзірше жаңа бапкердің бұл кездесуге қай құраммен баратыны белгісіз. Ал Беларуське қарсы матчта ұлттық құрама жасыл алаңға мынадай құрам­мен шықты. Қақпа­да ойын­ның бірінші жартысында Андрей Сидельников тұрды. Оны кейін Давид Лория алмастырды. Қорғаныста бір-бірін алмастырған Антон Чичулин, Ренат Абдуллин, Вла­дислав Чернышев, Самат Смақов, Қайрат Нұрдәулетов, Александр Кислицын ойнаса, жартылай қор­ғаныста Андрей Карпович, Мак­­сим Азовский, Азат Нұр­ға­лиев, Ұлан Қонысбаев, Сергей Ско­рых, Дмитрий Шомко, шабуыл­да Нұр­бол Жұмасқалиев, Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко және Андрей Финонченко өнер көр­сетті. М.Беранек осылардан басқа ұлт­тық құрамаға қақпашы Александр Мокин, қорғаушы Фархадбек Ырыс­метов, Александр Киров, жар­тылай қорғаушы Қа­зыбек Гетериев, Аслан Дарабаев, Сергей Му­жыков пен Евгений Аверчен­коны шақы­рып отыр­ғанын атап өткен жөн. Ұлттық құраманың тізгінін ұстаған Беранек 1957 жылы 24 сәуір күні Чехияның Бенешов қаласында туған. Чехиялық «Спартак» (Пелгржимов), «Шкода» (Плзень), «Славия» (Прага) командаларында ойнаған. Бапкер ретінде «SV Gmund», «Славия» (Прага), «Кладно», «Хмель», «Дебрецен» (Венгрия), «Әл-Васл» (Дубай, БАӘ) клубтары мен Чехияның жастар құра­масын жаттықтырған. Соңғы кездері Чехияның ұлттық құра­масы бас бапкерінің көмекшісі болған.

Ойындар нәтижелері:

6 ақпан. Польша – Молдова 1:0, 8 ақпан. Румыния – Украина 2:2, (пенальти 2:4), Кипр – Швеция 0:2, Ирландия – Уэльс 3:0, 9 ақпан. Иран – Ресей 1:0, Аргентина – Португалия 2:1, Испания – Колумбия 1:0, Мальта – Швейцария 0:0, Польша – Норвегия 1:0, Франция – Бразилия 1:0, Хорватия – Чехия 4:2, Эстония –Болгария 2:2, Дания – Англия 1:2, Германия – Италия 1:1, Голландия – Австрия 3:1, Бельгия – Финляндия 1:1, Македония – Камерун 0:1, Люксембург – Словакия 2:1, Армения – Грузия 1:2, Молдова – Андорра 2:1, Грекия – Канада 1:0, Боливия – Латвия 1:2, Әзірбайжан – Венгрия 0:2, Израиль – Сербия 0:2, Түркия – Оңтүстік Корея 0:0, Албания – Словения 1:2, Украина – Швеция 1:1(пенальти 5:4).