• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналас­ты­руға арналған баспа көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды.

344 рет
көрсетілді

Ақпараттық хабарлама

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (бұдан әрі – Редакция) 2011 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналас­ты­руға арналған баспа көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды. Газет көлемін берудің  жалпы шарттары Редакция мақалалар түріндегі үгіт ма­териалдарын жариялайды. Үгіт материал­дарының мәтіндерін Кандидаттардың өз­дері әзірлейді. Кандидатқа үгіт материалын жариялау үшін мыналар қажет: 1. Редакцияға мынадай ақпа­ратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады: 1) Жазбаша мәлімдеменің күні мен уақыты; 2) Кандидаттың фамилиясы, аты, әке­сінің аты/жазбаша мәлім­де­мені тапсыра­тын уәкілетті тұл­ға­ның фамилиясы, аты, әкесінің аты. 2. Жазбаша өтінішке мынадай құ­жаттар қоса тіркелуі тиіс: 1) Кандидаттың тіркелуін рас­тайтын құжаттың көшірмесі; 2) Кандидаттың өкілінің өкі­леттігін растайтын құжаттың кө­шірмесі; 3) үгіт материалы мәтінінің мәнін қағаз және электрондық тасымалдағышта ашу; 4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын көшірме; 5) шарт жасасу үшін өтініш біл­дірушінің өкілеттігін рас­тай­тын құжаттар. 3. Орналасатын көлемнің жоспарлы ау­­қымы көрсетілген жазбаша мәлімдеменің мазмұны. 4. Кандидаттың немесе сенім білдірілген тұлғаның қолы. 5. Редакциямен шарт жасасуы. Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері жазбаша мәлім­демелер қабылданады және шарт жасалады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Жазбаша мәлім­де­мелерді қабыл­дау­дың соңғы күні – 2011 жылғы 29 наурыз. Үгіт материалдарын жариялаудың соң­ғы күні – 2011 жылғы 1 сәуір, Редакция Кандидаттардан мәтіндер­дің түсу ретіне қарай үгіт мате­риалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Кандидаттар үгіт материалдарын одан әрі жа­рия­лауды Редакциямен уағдаластық бойынша жүзеге асырады. Бірнеше Кандидаттардан/уәкі­летті тұл­ға­лардан бір мезгілде мәлім­де­мелер түскен жағдайда Редакция сол күні жеребе тастауды жүр­гі­зеді. Жеребе тас­тауға баспа мате­риалдарын орналасты­ру­дың кезектілігін талас білдіруші Кандидаттар немесе Кандидаттың мүд­де­сін білдіретін уәкілетті тұлға және талас білдірушінің тәуелсіз тарабы ретіндегі Редакция өкілі қатысады. Редакция үгіт материалдарын жария­лау­ды Редакцияның есеп-айы­рысу шо­тына жарияланымдар құнының 100 пай­ыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүр­гізетін болады. Редакция «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде үгіт мате­ри­алдарын орналас­тыр­удың орнын дербес айқындайды. Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі Кандидаттар үгіт материал­дары­ның мә­тіндерін жариялаудың жоспарланатын кү­ні­не дейін үш күн қалғанда Редак­ция­ның жарнама бөліміне тапсырады. Мә­тіндер Кан­ди­даттың өзінің қол қоюымен баспа нұс­қа­сында тапсырылуы және электрондық та­сы­малда­ғыш­та қайта­ла­нуы қажет. Мә­тін­дердің баспа нұсқалары берудің күні және уақыты көрсетіліп, тіркеу нөмірімен екі данада тап­сырылады. Сондай-ақ тұлғалар­дың жазбаша рұқсаты қосымша беріледі, олардың бейнелері үгіт материалында пайдаланылады (қай­тыс бол­ған жағдайда – олардың мұ­ра­герлерінің жазбаша рұқсаты). Редакцияның жарнама бөлімінің қызметкерлері баспа нұсқасын қабылдау кезінде қабылдау ту­ра­лы белгіні қояды, қабылдау күнін, уақытын көрсетеді және мәтіннің екі данасында лауазымын және фамилиясын, атын, әке­сінің атын көрсетіп, өзінің қолын қояды. Мә­тіннің бір данасы жарнама бөлі­мінде қал­ды­рылады, екінші дана­сы оны тапсыр­ған тұлғаға қай­тарылады. «Егемен Қазақстан» газетінде үгіт ма­те­риалдары жарияланған кезде «Сайлау-2011» айдарымен орналастырылатын болады. Егер үгіт баспа материалдарында конс­титуциялық құрылысты күштеп өз­герту идеялары жария етілсе, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіп­сіз­дігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сон­дай-ақ заңнамада көзделмеген әскери­лен­дірілген құрылымдарды құру және «Қа­зақстан Республикасындағы сайлау тура­л­ы» Қазақстан Республикасы Конститу­ция­лық заңының талаптарында қарасты­рылған өзге негіздерде газет ондай үгіт баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Басқа Кандидаттардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар бол­ған жағдайда Редакция Кандидаттың үгіт материалдарын жариялаудан бас тартады. Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі Кандидат, сенім білдірілген тұлға үгіт материалын жариялаудың 100 пайыз құнын газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 1 000 (бір мың) теңге есебінен есептеп, бұл соманы материалды жариялау күніне дейін үш күннен кешіктірмей төлейді. Төлемақы Редакция қойған шот негізінде жүргізіледі. Төлемақы сәйкесетін шартта көрсе­тіл­ген деректемелер бойынша Редакцияның есеп айырысу шотына жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үгіт материалдарын жариялау шарттары бойынша нормативтік құ­қық­тық актілерді қабылдаған жағдайда сәй­ке­се­тін ак­ті­лердің нормалары қолда­ныс­та болады. Жарнама бөлімі: e-mail: egemen_adv@mail.ru Астана қаласындағы телефон: 8 (7172) 37-60-49, факс 8 (7172) 37-64-48.