• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде күн ашық болады

697 рет
көрсетілді

«Қазгидрометтің» болжауынша, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында, шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, күндіз шығыста бұршақ ұруы мүмкін. Тек еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерінде күн ашық болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі деп күтілуде, күндіз жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір елді мекендерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Айдар ӨРІСБАЕВ