• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2016

Түркия премьері такси жүргізушісі болып, халықпен тілдесті (видео)

353 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54579" align="aligncenter" width="560"] muslim.kz[/caption] Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Анкарада арнайы такси көлігімен адам тасып, ел азаматтарын толғандырған мәселелерді халықтың өз аузынан естіді. Muslim.kz-тің мәлімет бойынша, үкімет басшысының такси жүргізушісі қызметін атқарған видеосы YouTube желісінде кеңінен тарап кетті. Бейнежазбада жолаушылардың такси жүргізушісінің орнында премьер-министрдің отырғанын көріп, аң-таң болғандары анық көрінеді. Үш сағат ішінде Бинали Йылдырым ел азаматтарын тегін тасымалдады, олармен әртүрлі тақырыпта әңгімелесіп, өтініш-тілектеріне құлақ асты. Қала тұрғындары өз кезегінде үкімет басшысына әлеуметтік-экономикалық, денсаулық сақтау саласы және терроризм мәселелері алаңдататынын жеткізді. Айдар ӨРІСБАЕВ