• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Әсем әуенді субұрқақ енді ауылда да бар

408 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары Барқытбелдің бауырындағы берекелі Тарбағатай елі жылдам көркейіп келеді. Жуырда аудан орталығы – Ақсуат­та ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­ды­ғына орай жаңадан музыкалы субұрқақ ашылды. Аталған нысанның ашылу салтанатында жергілікті ақсақалдар мен ақ кимешекті әжелерден еңбектеген балаларға дейін жүздері бал-бұл жайнап, ерекше қуанышқа бөленді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалалар мен ауылдарды абаттандыруға ерекше мән беріп келеді. Сондықтан, ауыл көшелерінің әсем де әдемі, таза да көрікті болуы көпшілікпен бірге атқарылатын, тәрбиелік және мәдени мәні жоғары іс деп білген жөн, – деді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев субұрқақтың тұсаукесерінде. Аталған шарада тарбаға­тай­лықтар жарық диодты шамдармен түрлі түске еніп, сан құбылған субұрқақтың тамаша көрінісіне тәнті болды. Әрі жарық шашып, әрі әсем әуендер ойнап тұратын субұрқақ әлі-ақ ақсуаттықтардың сүйінішіне, сүйікті демалыс орнына айналады, десті тұрғындар. Осы іспетті субұрқақ жақында аудан­ның тағы бір ірі елді мекені саналатын Ақжар ауылында да пайдалануға берілмек. Айта кету керек, кейінгі уа­қытта Тарбағатай ауданында мәдени ескерткіштер, демалыс орындары көптеп ашылуда. Мәселен, жуырда бой көтерген Абай, Мұрын ана, Мақта апа мен Байжігіт баба, Тоғас батыр ескерткіштерінің маңы гүл­дендіріліп, жұртшылық дем-ала­тын саябаққа айналып үлгерді. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы