Кеше, 5 тамыз күні Рио-де-Жанейро Олимпиялық ойындарындағы бірінші әлем рекорды жасалды. Оны Оңтүстік Корея спортшысы Вуч-Жин Ким садақ атудан өмірге келтірді.
Садақшы іріктеу жарысында 72 талпыныстан 700 ұпай жинап, бұған дейінгі көрсеткішті 1 ұпайға жақсартты.
Осы сынға қазақстандық садақ атушы Сұлтан Дүзелбаев та қатысты. Ол біздің елімізден Ойындар жарысын бірінші болып бастап отыр. Мұнда Сұлтан 648 ұпай жинап, көштің 48-орнына табан тіреді.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ