• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2016

Рио-2016: қоржында 1 күміс, 1 қола медаль бар

241 рет
көрсетілді

Өткен жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп келе жатқан, қазір Оңтүстік Қазақстан облысы атынан сынға түсіп жүрген моңғол дзюдошы қызы Отгонцецег Галбадрах ақжолтай спортшы болып кезікті. Оның Олимпиадада республика атынан бірінші болып алған қола медалі артынша Елдос Сметовтің күшімен күміс медальмен толықты. Тамыздың 6-сы күні Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарда дзюдошы қыздар турнирінің 48 килоға дейінгі бәсекесі бірінші болып аяқталып, алғашқы жүлде иесін танытты. Онда Отгонцецег Галбадрах Қазақстан құрамасына алғашқы медальді алып беріп, қола жүлдегер атанды. Біздің дзюдошы қыз үшінші орын үшін таласта кубалық Даярес Местре Альваресті иппонмен ұтты. Онымен бірге жапон Ами Кондо қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Олимпиада чемпионы атағын аргентиналық Паула Парето жеңіп алды. Ол финалдық айқаста кореялық Чжеон Бок Юнды «визари» әдісімен лақтырып, жеңіске жетті. Бұдан кейін біздің әлем чемпионы атағы бар дзюдошымыз Елдос Сметов финалда ресейлік Беслан Мудроновтан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Үшінші орынға жапон Наоиса Такато мен өзбек Диорбек Урозбаев орналасты. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ Техникалық нәтижелер Дзюдо. Ерлер. 60 кг. 1. Беслан Мудранов (Ресей). 2. Елдос Сметов (Қазақстан). 3. Наоиса Такато (Япония), Диорбек Урозбоев (Өзбекстан). Әйелдер. 48 кг. 1. Паула Парето (Аргентина). 2. Чжеон Бок Юн (Корея). 3. Ами Кондо (Жапония), Отгонцецег Галбадрах (Қазақстан).