Астанада қыс мезгілі басталғалы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп, қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, өткен түнде елордадағы қар полигондарына 53 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды.
25 ақпан күні таңертең қаланы қар мен мұздан тазарту жұмысына 1 700-ден аса арнайы техника мен 3 084 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
«Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар сынды қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда жұмыс жүргізіледі. Қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына жүк көліктері 404 130 рейс жасап, 6 млн текше метр қар шығарылды», делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолына техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыс та тәулік бойы тоқтамаған.
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолында барынша сақ болуға және қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырып отыр.