Алматы тауларында құтқарушылар таудан өз бетінше түсе алмаған 36 жастағы Қытай азаматына көмекке келді. ТЖМ мәліметінше, шетелдік турист тізесін жарақаттап алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қытайлық турист таудан түсу үшін құтқарушылардан көмек сұраған.
Хабарламадан кейін сол жерге Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілген.
ТЖМ мәліметінше, берілген геолокацияның көмегімен құтқарушылар туристің орнын жедел анықтап, оған тез арада жеткен. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, таудан аман-есен түсірілді.
Бұдан соң турист Апаттар медицинасы орталығына жеткізілді.
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Еске салайық, бұған дейін Алматы дәрігерлері италиялық туристің өмірін сақтап қалғаны туралы жазғанбыз.