[caption id="attachment_54973" align="aligncenter" width="560"] Фото: vesti.ru[/caption]
Пәкістанның Карачи қаласында су тасқыны орын алды.
Жергілікті полицейлердің хабарлауынша, сел жүру кезінде бағаналар құлап, 10 адам тоққа түсіп қайтыс болған. Ал үш тұрғын опырылған үй қабырғасының астында қалса, 2 адам суға батып кеткен.
vesti.ru-дың ақпаратына сүйенсек, алапат су тасқыны тұтас аудандар мен тас жолдарды шайып кеткен. Дауыл кезінде 400-ге жуық электр желісі үзіліп, қала тұрғындары жарықтан қағылған. Қазіргі таңда құтқарушылар су тасқынының астында қалып қойған тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде.
Айта кетейік, Пәкістан мен Үндістан биыл маусым айынан бері муссондық жауын-шашыннан зардап шегіп келеді.
Талғат РАЙЫМБЕК