• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2016

Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінді

392 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54979" align="aligncenter" width="560"] inform.kz[/caption] Еліміздің сейсмологтары Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінісін тіркеді. «Геофизикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметтер орталығы хабарлағандай, 2016 жылғы 6 тамыз күні Астана уақытымен сағат 22:29-да Зайсан қаласынан батысқа қарай 33 шақырым, Ақжар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде жер сілкінісі болған. Inform.kz-тің мәліметінше, сейсмологтар магнитудасы 3,6 баллды құраған жер сілкінісінің ошағы 6 шақырым тереңдікте болғанын мәлімдеген. Айдар ӨРІСБАЕВ