• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Тамыз, 2016

Рио-2016: Берік Әбдірахманов жарыстан шығып қалды (+)

255 рет
көрсетілді

Тамыздың 6-сы күні түнде Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындарда боксшылардың 1/16 финалдық бәсекесі басталды. Онда қазақстандықтар сапынан шаршы алаңға бірінші болып шыққан 60 килоға дейінгі салмақтағы Берік Әбдірахманов АҚШ-тың жас былғары қолғап шебері Карлос Зенон Балдерастан 0:3 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Қапталдағы төрешілер 19 жасар Карлостың 30 жастағы Берікті үш раундта да 29:28 етіп ұтып шыққанын көрсетті. Тек бірінші рефери ғана біздің боксшыға алғашқы екі раундта 10:9 деген ұтыс берді. Қалған қазылар түгел жеңісті америкалық бозбалаға ұстатты. Осы күні онымен бір салмақта рингке шыққан өзбек Хуршид Тажибаев катарлық Хакан Ерсекерді, тәжік Анвар Юнусов қытайлық Шах Жунды 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал қырғыз елінің бұл турнирдегі жалғыз өкілі – 81 кг салмақтағы Эркин Абдылбекуулы колумбиялық Хуан Карриллодан 0:3 болып ұтылды. Бұл күні 1/16 финалдық шайқасты 49, 60 және 81 килоға дейінгі салмақтағылар өткізді. Біздің Біржан Жақыпов (49 кг) турнирді 1/8 финалдан бастайды. Оның бірінші қарсыласы кеше әзербайжан Руфат Гусейновті 3:0 етіп ұтқан намибиялық Матиас Хамуниела болып шықты. Бүгін түнде 60, 69, 81 кг салмақтардағы атлеттер 1/16 финалдық шайқастар өткізеді. Біздің 69 және 81 килоға дейінгі салмақтардағы боксшыларымыз Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов бұл жолы ұрыстарға қатыспайды, олар ойынға 1/8 финалдан қосылады. Тамыздың 8-інде – 69, 9-ында – 75 және 91-ден ауыр, 10-ы мен 11-інде – 56 және 64, 13-інде 52 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар бірінші айналым шайқастарын өткізеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ Техникалық мәліметтер Бокс. 6 тамыз. 49 кг. Галай Яфай (Ұлыбритания) – Симплик Фотчала (Камерун) 3:0, Юберген Мартинес (Колумбия) – Патрик Лоуренсо (Бразилия) 3:0, Самуэль Кармона (Испания) – Артур Ованнесян (Армения) 3:0, Йоселито Веласкуес (Мексика) – Леандро Бланк (Аргентина) 3:0, Матиас Хамуниела (Намибия) – Руфат Гусейнов (Әзербайжан) 3:0, Нико Эрнандес (АҚШ) – Мануэль Каппаи (Италия) 3:0. 60 кг. Кармине Томмасон (Италия) – Линдолфо Делгадо (Мексика) 3:0, Дайсуке Наримацу (Жапония) – Луис Кабрера (Венесуэла) 2:1, Карлос Балдерас (АҚШ) – Берік Әбдірахманов (Қазақстан) 3:0, Хуршид Тажибаев (Өзбекстан) – Хакан Ерсекер (Қатар) 3:0, Джозеф Кордина (Ұлыбритания) – Чарль Суарес (Филиппин) 2:1, Анвар Юнусов (Тәжікстан) – Шах Жун (Қытай) 3:0). 81 кг. Надир Мехмет Унал (Түркия) – Хассан Саада (Марокко) WO., Хрвойе Сеп (Хорватия) – Абдеррахман Салах Араби (Египет) 2:1, Мичел Боргес (Бразилия) – Хассан Н`Дам Н`Жикам (Камерун) 3:0, Хуан Каррилло (Колумбия) – Эркин Абдылбекуулы (Қырғызстан) 3:0. 91 кг. Хуан Ногуейра (Бразилия) – Джейсон Уаталей (Австралия) 3:0, Лоуренс Околие – Игор Якубовски (Польша) 3:0.