• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №279

528 рет
көрсетілді

2010 жылғы 14 қазан, Астана қаласы Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі бекітілсін. 2. «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 тіркелген, 2006 жылғы 17 ақпанда № 28-29 (835) жарияланған «Заң газетінде»)) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр         Р.ТҮСІПБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнің 2010 жылғы 14 қазан № 279 бұйрығымен бекiтiлген Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақтау ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже «Авторлық құқық және сабақтас құ­қық­тар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәй­кес (бұдан әрi – Заң) әзірленген, жарияланбаған ту­ын­дылардың қолжазбаларын тапсыру, қабылдау және сақ­тау тәртiбiн реттейдi және белгiлейдi. 2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анық­та­ма­лар пайдаланылады: 1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға; 2) авторлық құқық – автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары; 3) жариялау – автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық ие­ленушiнiң келi­сi­мi­мен туындының, орындау­шылық жазбасының немесе фонограмманың да­наларын көпшiлiктiң орынды қажет­тi­лiктерiн қанағат­тан­дыратын мөлшерде көпшiлiкке ұсыну; 4) қолжазба – қолмен жазылған немесе жазу машин­ка­сында, дербес компьютерде қайта жазыл­ған түпнұсқа немесе мәтiннiң көшiрмесi; 5) туынды шығарма – басқа туындыны шығар­ма­шы­лық­пен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды; 6) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Әділет ми­нистрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті. 2-тарау. Қолжазбаларды тапсыру және қабылдау тәртiбi 3. Сақтауға жарияланбаған туындылардың қол­жаз­ба­ла­ры қабылданады. 4. Жарияланбаған туындылардың қолжаз­баларын қа­былдауды және сақтауды уәкiлеттi орган осы Ереженің 1-қосымшасының нысанына сәйкес автордың немесе авторлардың өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. Егер шығарма туынды болса, пайдаланылған шығарма авто­ры­ның тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсету,   сондай-ақ туындыны өң­деу­­ге, аударуға құқығын беру туралы ав­торларық шарттың көшірмесін ұсыну қажет. 5. Құжаттарды сенiм бiлдiрілген жақ арқылы тап­сы­ру кезiнде: 1) автордың немесе авторлардың нотариаттық куә­лан­дырылған сенiмхаты; 2) сенiм бiлдiрілген адам жеке басын куә­ландыратын құ­жаттың көшiрмесi. 6. Сақтауға ұсынылған құжаттың тiгiлуi, нөмiр­ленуi жә­не автордың немесе авторлардың қолымен бекiтiлуi қажет. 7. Қолжазбаны тапсырған адамға қолжазбаның тіркелген күні, қолжазба авторының немесе автор­ларының тегi, аты, әкесiнiң аты, қолжазба атауы және қолжазба беттерінің саны, қол­жазбаны қа­былдаған адамның тегі және лауа­зымы көрсетiлген анықтама берiледi. 3-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау 8. Жарияланбаған туындылардың қолжазба­ла­рын сақ­тау кезiнде қолжазбаның маңыздылығын бiл­дiретiн белгiлерi мен қасиеттерiн сақтауды қам­тамасыз ететiн шаралар қабылданады. 9. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау үшiн уәкiлеттi орган сөрелерi, темiрмен қап­тал­ған есiгі, торланған терезесі, күзетi бар және өртке қар­сы белгi беру орнатылған арнайы үй-жай жаб­дық­тай­ды. Осындай үй-жай болмаған кезде арнайы қойма (темiр шкаф) бөлiнедi. 10. Жарияланбаған туындылардың қолжаз­ба­ларын сақ­тауға және есепке алуға бiрiншi бас­шының бұй­ры­ғымен тағайындалатын уәкiлеттi органның қызметкерi жа­уапты болып табылады. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақ­тау­ға арналған үй-жайға кiру оларды сақтауға және есеп­ке алуға жауапты адамның немесе ал­мастыратын қыз­меткердің қатысуымен ғана мүм­кiн. Олар болмаған жағдайда, үй-жайға тек уәкiлеттi орган басшысының немесе оның орын­басарының қатысуымен және рұқ­са­тымен уәкі­летті органның кемінде үш қызметкері болған кезде ғана кiруге болады. Осындай жағдайларда қандай қолжазбалар, неге байланысты үй-жайдан (қой­мадан) алып қойылғаны немесе қойылғаны көр­сетіліп, екі данада акт жасалады. Актiнiң бiрiншi данасы жария­ланбаған туындылардың қолжаз­ба­ларын есепке алу кiтабына тиiстi мәлi­меттер енгiзу үшiн сақтауға жауапты адамға, ал екiншiсi қолжазбаны сұратқан адамға беріледі. 11. Жарияланбаған туындылардың қолжаз­ба­лары, олар­дың бірлескен өтiнiші негiзiнде немесе сенімхатты қоса бере отырып авторға және автор­ларға немесе мұра­герге және мұрагерлерге берiледі. 4-тарау. Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу 12. Жарияланбаған туындылардың қолжаз­баларын есепке алу үшiн уәкiлеттi органда нысан бойынша осы Ере­женің 2-қосымшасының ны­санына сәйкес кiтап жүр­гiзiледi, ол жария­ланбаған туындылардың қол­жаз­ба­ла­рын сақтауға және тiркеуге жауапты адамда болады. Кi­тапты жүргiзу, қатаң есептегi құжаттарды жүргiзу ере­же­сi бо­йынша жүзеге асырылады. Кiтаптың әрбiр бетi нөмiрленедi, кiтап тігіледі және мөр басылып, бiрiншi басшының қолымен бекiтiледі. Сақтауға қабылданған қолжазбалардың элек­тронды де­ректер базасы қосымша құрылуы мүмкiн. 13. Жарияланбаған туындылардың қолжазба­ларын есепке алу кiтабына жазба жазу жария­ланбаған қол­жаз­баларды сақтауға және есепке алуға жауапты адам жүргізеді. 14. Жарияланбаған туындылардың қолжаз­ба­ларын сақ­тауға және есепке алуға жауапты адам есепке алу кi­табына тiркеу кезiнде қабылданатын жазбалардың заң­нама талаптарына сәйкестiгiн тексередi. 15. Жарияланбаған туындылардың қолжаз­ба­ларын жаз­ба кiтабына тiркеу хронологиялық тәр­тiпте жүр­гiзiледi, әрбiр қолжазба жеке жазылады, бұл ретте әрбiр қол­жазбаға реттiк нөмiр берiледi. 16. Жарияланбаған туындылардың қолжазба­ларын сақ­тауға және есепке алуға жауапты адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжазбалардың сақталуына өз құзыретi шегiнде жауапкершiлiк алады. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi 2010 жылғы 14 қазан № 279 бұйрығымен бекiтiлген ережеге 1-қосымша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ мекенжайында тұратын ____________________________________ ____________________________________ ____________________________________ тел._________________________________ ____________________________________ (жеке басын куәландыратын құжаттың деректері) ӨТIНIШ Мен (Бiз) ________________________________ (автордың (лардың) тегi, аты, әкесiнiң аты) мен (бiз) _________________________жасаған (жасалған күнi) _______________________________________ __________________________________атаулы ______________________________________ ________________________________________(зияткерлiк меншiк объектiсiнiң түрi) жалғыз авторы (авторлары) болып табылатыным­ды (ымызды) растай­мын(мыз) және осы туындының қолжазбасын Зияткер­лiк меншiк құқығы коми­тетiнде сақтауға қабылдауды сұраймын(мыз). Осы арқылы бұл туындының ешқайда жариялан­ба­ғанын растаймын (мыз). 20__ж. «__» ____          _____________________ (автордың(лардың) қолы) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi 2010 жылғы 14 қазан № 279 бұйрығымен бекiтiлген  ережеге 2-қосымша Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын есепке алу кiтабы № Қолжазба- ның тіркел- ген күні Қолжазба авторының тегі, аты, әкесінің аты Қолжаз- ба беттері- нің саны Қолжазбаны қабылдаған (берген) жау- апты лауазым- ды адамның қолы Қолжазба қайда, ненің негізінде жолданған Қолжазбаны қабылдаған адамның лауазымы және тегі Қолжаз- баны алған күні мен қолы Қолжаз- баның атауы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6592 болып енгізілді.